«Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды орнату жолдары"

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Презентации
Автор:

Психологиялық ахуал

АХУАЛ — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді.

Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалмен айқындалады. 'Психологиялық ахуал', 'әлеуметтік-психологиялық ахуал' немесе 'микроклимат' ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық ахуал адамның осындай ахуалдағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.

Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектік-пен ерекшеленеді.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады.

Ұжымның әлеуметтк-психологиялық ахуалдың топтастырушылық қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады.

Ынталандырушылық қызметі

педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның 'эмоциалдық күш-қуатын' қалыптас-тыруға байланысты.

Тұрақтандырушылық қызметі

ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды

Реттеушілік қызмет

өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.

Ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасы. Ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі; ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы; сапалы тәртіп; еңбектің өнімділігі.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.

өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда бірлескен қуаныш табады;

Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай дау-жанжалдың пайда болуына апарып соғады. ХХІ - ғасыр мұғалімі

“Ұстаз”- ол кім? Ол-Ұлағат. Ол-Ұлылық! Қиянатқа жол бермес.

Бала жайлы маржан ойлар

Бала табиғаттың ғажайып құбылысы.

Ол-тұлға, өзінше бір әлем. Оны сол үшін де сыйлауға болады.

Балаға бір жыл бойы қаталдық көрсеткеннен, бір сағаттық мейірімділік көрсетсең, баланы осы соңғысы тез түзетеді.

Ойдағыдайтәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.

Әділдіктің, жамандыққа жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес

Парасаттылықтың асқанүлгісін танытып, үлкен абыроймен еңбек ететін асыл жан.

ЖҰМЫС КҮНІҢІЗ СӘТТІ ӨТСІН!


Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 226.52 Kb
Количество скачиваний: 781
Просмотров: 1618

Похожие материалы