Сөз сырына саяхат

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сөз сырына саяхат

(5 сынып оқушыларына арналған әдеби кеш жүргізу жобасы)

«Тілін білмеген түбін білмейді»

Ғ.Мүсірепов

Әдеби кешті өткізу үшін бір ай бұрын дайындық жұмыстары жүргізіле бастайды. Іс-шараның сценарийі жасалып, сол бойынша қатысушы оқырмандарға тапсырма беріледі,көрнекті жерлерге кештің өткізілетіндігі жөнінде кештің аты, онда қамтылатын тақырыптар, өткізілетін орны және уақыты көрсетілген «Хабарландыру!» жазылып ілінеді. Әдеби кеш өтетін орны әсем безендіріліп, тілге байланысты нақыл сөздер, қанатты сөздер жазылып, ілініп қойылады, кеш тақырыбына орай көрнекті кітап көрмесі ұйымдастырылады. Әдеби кеште қамтылатын тақырыптар:

а) Тіл- ақылдың өлшемі (көне сөздер);

ә) Қазақтың тыйым сөзі- ұлттық тәрбие көзі;

б) Ұлттық дәстүр-рухани қазына.

в)Сөздік қорын мол болсын!

Жүргізуші: «Мұралардың ең қымбаты-сөз» -деген жазушы Ғ.Мустафин, бүгінгі мақсат- ұлттық тәрбиеден, ана тілімізден нәр алу. Адамның рухани дамуы бала кезден басталатыны белгілі, жазылмаған ақ қағаздай бала санасына халық фольклоры арқылы ұлттық рухани байлығымызды ұғындыру, табиғат, қоғам сырын ұлттық тәрбие негізінде насихаттау, сендердің халқымыздың ұлттық әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін игерулеріңе, білімділікке, ана тілін жете түсінуге және жоғары мәдени деңгей, биік адамгершілік сезімталдық және танымдық ой-өрістеріңнің өсуіне ықпал етеді. Сөздің айтылуы оңай да жазылуы қиын? – Айту- дыбыстау, жазу- сол дыбысты таңбалау. Осыдан келіп әр адамның қабылдауы және қайыра жаңғыртуы әрқалай болғандықтан бәрімізді бірыңғай сөйлеу және жазу тәртібіне салып, сөз жүйесін бірізділікке түсіріп отыратын ереженің қажеттігі осында. Ол-сөздің заңы. Оқушылар, өздеріңмен өткізгелі отырған «Сөз сырына саяхат» атты әдеби кешімізде ана тіліміздегі сөздер сыры, олардың қолданылу тәсілдері, ұлттық, рухани тәрбие берудегі маңызы туралы сөз болады, пікір айтылады, кештің жүргізілуі барысында осы мәселелер төңірегінде өз ойларыңды ортаға салып, кеш жұмысына белсенді түрде ат салысуларыңды сұраймын!

Берілетін сұрақ: Көне сөздер деген не?

1-ші оқушы: Әр заманның өркендеуімен ескі қарым-қатынас ыдырап, адамдардың өмірге көзқарасы өзгеруіне жаңа терминдердің қолданысқа енуіне байланысты бұрынғы қолданыстағы сөздер қалып қойып отырады, мысалы: Ділда- ертедегі алтын ақша, Ылау- бір жерге барып қайтуға, немесе жүк жеткізуге арнайы жалданатын көлік «Түйе, ат), Батпан- бұрынғы заманғы салмақ өлшемі (1 батпан -8 пұтқа тең), Таған үй- төрт қанатты киіз үй, Құмай- тазының бір тұқымы, Пәс- төмен, көңілсіз, Ақбөкен- киіктің бір атауы, Бөрі- қасқыр, Томаша –шымшықтың ең кішкене түрі, Жаңдық- ұсақ мал, Жәндік- құрт-құмырсқа т.б.

Сұрақ: Тыйым сөзінің мәнін қалай түсінуге болады?

2-ші оқушы: Ырым мен тыйым – әлем халықтары арасында кең тараған көне қағида. Сыртқы орта мен адамдар арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа көзқарас, түсінік-таным мен ұғым тізбегі.

Тыйым сөздер жеке тұлғаны әдептілікке, тазалыққа, жинақылыққа, өзін қоршаған ортаға деген сүйінпеншілікке тәрбиелейді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.96 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 175

Похожие материалы