Таңдау курсы авторлық бағдарлама "Қызықты химия" 8-сынып

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы боладтыны сөзсіз.

   Таңдау курстарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.    

     Бағдарлама 8 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.

      Бағдарлама 68 сағатқа есептелген. 8 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір-бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек, қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік  есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.

       Курсты өткізуде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да лабораториялық, практикалық жұмыстарды дерлік орындаумен қатар,  практикалық біліктіліктерін таңдау курсында дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың эксперименттік жұмысқа икемін арттыру. Курсты өткізуде практикалық бағытқа мүмкіндігінше дәріханаларға, жоғары оқу орындарындағы химия лабораторияларына экскурсия ұйымдастыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен, виртуальды тәжірибелер, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар санын арттыру.

 

Бұл курс 68 сағатқа негізделген.  

Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.

Курстың міндеттері:

1.     Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.

2.     Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;

3.     Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;

4.     Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;

5.     Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен  байланыстыра білу;

6.     Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;

7.     Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы  ролін дәлелдеп көз жеткізу;

8.     Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

9.     Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;

10.                                                                                             Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке  

      тәрбиелеу;

   «Қызықты химия» таңдау курсының мазмұнында негізгі мектепке арналған химия курсының мазмұнынан тереңірек, яғни базалық деңгейді меңгергеннен кейін жылжымалы деңгейді іске асыру көзделеді.

     Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия –эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралдармен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.

    Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту.

   Оқушыларға 8 сыныпта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз.Эксперимент есептерінің тәсілдері:

-         есте қалғаны бойынша шығару;

-         сынау – қателесу тәсілі;

-         талдау – жинақтау;

-         жорамал жасау.

Эксперимент есеп типтері:

-         заттардың сапалық құрамын анықтау;

-         заттарды ажырату;

-         заттарды алу;

-         заттарға тән сапалық реакция жасау;

-         қоспа құрамын анықтау;

-         қоспа құрамын бөлу;

-         химиялық құбылысты бақылау;

 

-         химиялық құбылысты түсіндіру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.78 Mb
Количество скачиваний: 137
Просмотров: 270

Похожие материалы