Тарих пәнінен ашық сабақ

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  §50. XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығарма

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығармалардың маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;

Тәрбиелік:  Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; Дамытушылық:  Отанымыздың тарихын зерттеп-зерделеуге үлес қосуға, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабықтың түрі: Аралас сабақ 

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс, дискуссиялық өрнек

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:

                                             І топ –  «Хандар»

                                             ІІ топ – «Билер»

                                                ІІІ топ – «Батырлар»      

«Миға шабуыл».  Үй тапсырмасы «Футбол» ойыны арқылы сұралады.  

1.     XV ғ.  Қазақ хандығындағы ақын-жыраулардан кімдерді білесің?

2.     Жыраулар деп кімдерді айтамыз, олардың ақындардан  айырмасы қандай?

3.      XVI-XVII  ғасырдағы  ақын-жыраулардан  кімдерді білесің?

4.     Саз  өнері қай кезден дами бастады?

5.     Есім ханның ең жақын жорық жырауы кім?

6.     Шетел ғалымдары қазақ халқының саз өнеріне қандай баға берді?

7.     Балшықтан, қамыс, мүйізден үрмелі музыкалық аспаптар жасалады. Оларды ата?

Тарихи диктант

1.    Отан қорғау

2. Г.Н.Потанин

3.  Марғасқа жырау

4. Асан Қайғы

5.  Ромен  Роллан

6. Доспамбет жырау

7. Шалкиіз Тіленшіұлы

8. «Биші Бикеш»

 

1. “Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің...” деп ханды жазғырған ақын-жырауды ата?

2. 1490 жылы  Азов  қаласында туған  жырау?

3.  Доспамбет жыраудың “Айнала бұлақ басы тең”, “Тоғай, тоғай, тоғай су” жырларының мазмұны не туралы?

4. 1465-1560 жылдары  өмір сүрген  Жайық  өзенінің  шығыс жағалауының  аса көрнекті жырауы?

5. “Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деп кім жазды?

6.  “Еңсегей бойлы ер Есім” атты жеті  мың жолдық тарихи жырдың авторы кім?

7.  Тан патшалығының  дәуірінің  көрнекті ақыны Бәй Жүші өзінің  қай  өлеңінде қаңлы қыздарының билерін суреттеген?

8.  “Қазақты екінің бірі  домбыра тартып, ән айтып, өлең шығаратын өнерлі халық, ақын халық ” деп бағалаған француз жазушысы?

 

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

4

6

1

7

2

3

8

5

 

ІІІ. Жаңа сабақ:  XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығарма

Жаңа сабақтың жоспары:

I топ:    “Тарих-и Рашиди”, “Жылнамалар жинағы”.

II топ:  “Шыңғыснама”,  “Тарих”.

III топ: “Әбілғазы шежірелері”

“Тарих-и Рашиди”. Мұхаммед Хайдар Дулати 1541-1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазған еңбек. Шығарма моғолдардың хан сарайында сақталған тарихи құжаттар, XV-XVI ғғ. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы,қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудың тарихы, географиясы туралы құнды деректер бар. “Жылнамалар жинағы”. Қадырғали Қосымұлы Жалайыри (1530 – 1605 жж.) , 1600-1602 жж. жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қ.Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген.Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен Қазақ хандарының өмірбаян шежірелері айтылады. Хан, сұлтандар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік  топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында құнды деректер берілген.1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге  Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған  “Жылнамалар жинағы” атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген.

“Шыңғыснама” (Шыңғыстың өмірбаяны). XVI ғасырдың орта шенінде жазылған шығарма. Бұл тарихи шығарманың авторы Өтеміс қажы. Өтеміс қажының “Шыңғыснама” атты тарихи шығармасында Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады. Тарихи шығармалардың алғашқы тараулары ел аузынан таралған аңыз-әңгімелерден құралған. Сонымен қатар бұл шығармада көптеген тарихи мәліметтер нақты деректер бойынша жазылған. Бұл еңбектің Қазақстан тарихының XIV ғасырдағы этносаяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық мәселелерін шешуде маңызы өте зор. Еңбек Шыңғыс ханнан бастап оның ұрпақтарының XIV ғасырдың аяғына дейінгі аралықта көмескі болып жүрген тарихи оқиғалардың ашылуына көмектеседі. “Шыңғыснамада” Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысы мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екендігін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сән-салтанат құрып қуанышқа бөленетінін жазған.

Әбілғазы шежіресі. Әбілғазы Бахадур ханның әкесі Арабмұхаммед Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы болған. Хорезм хандығының орталығы Үргеніште туған. Әбілғазы еңбегінің алғы сөзінде 3 түрлі өнерді жақсы меңгергендігін жазады. Біріншісі-әскери өнер, әскери басқару. Екіншісі-ақындық өнер, үшінші-тарихшы ретінде Арабстан, Иран, Тұран, Монғолия сияқты елдердің тарихын меңгерген.1661 жылы “Түрікмен шежіресін”, 1663 жылы “Түрік шежіресі” атты еңбегін жазуға кіріскен. Алайда бұл еңбегін бітіре алмай 1664 жылы қаза болады. Ал шежірені баласы 1665 жылы аяқтап шыққан. Әбілғазы еңбектері шежірелік сипатта жазылған. Түркі дәуірінен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды. Әбілғазы шежіресінен қазақ халқының құрамына  кірген ру-тайпалар, олардың ертедегі тарихы туралы құнды деректер алуға болады.

 

ІV. Сабақты бекіту:  Сергіту сәті.  «Кім жүйрік?» математикалық ойын.

Математикалық есептерді  шешіп  тарихи датаны тауып,  сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

 

1. 728 х 2 + 0 = 1456 (Қазақ  хандығы құрылған жыл)

2. 415 х 4 + 50  = 1710 (Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосқан жылы)

3. 560 + 1200 – 108 = 1652 (Салқам Жәңгір хан қайтыс болған жыл)

4. (8425 / 5) – 5 = 1680  (Тәуке ханның таққа отырған жылы)

5. 483 + 164 + 996 = 1643 ( Орбұлақ шайқасы болған жыл)

 

«Көңілді шар!» ойыны (сұрақтарға жауап).

1. Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында құнды деректер берілген шығарманы көрсет? (дұрысы  жасыл түске боялады)

2. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-моғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалатын еңбек? (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

3. “Шыңғыснама” тарихи шығармасының авторы?(дұрысы  жасыл түске боялады)

«Дискуссиялық өрнек»

1. «Хандар»  тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті

 

+

 

2

Ханның уәзірі болған жоқ

 

+

3

Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс

+

 

4

Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ

 

+

 

2. «Билер» тобына:

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Би- әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам

+

 

2

Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес

 

+

3

Би – бірнеше рудан құралған Арысты басқарады

+

 

4

Би-  жазалау құқығына ие болған жоқ

 

+

 

3. «Батырлар» тобына

Р/с

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

 

1

Батырлар – халық жасағын басқарды

+

 

2

Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ

 

+

3

Батырлар – феодалдар тобына жатты

+

 

4

Батырлар хан алдында жауапты емес

 

+

 

V. Қорытындылау:  XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығармаларды

Венн диаграммасы арқылы салыстыр.

I топ: “Тарих-и Рашиди” – орта ғасырлардағы қазақтар тарихы, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы туралы көптеген мағлұматтар берілген.

III топ:  Екі  тарихи шығармадада Қазақ  хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары,

Қазақ хандығы мен Қазақ  хандарының өмірбаян шежірелері айтылады.

II топ:  “Жылнамалар жинағы” –  қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті айтылады.

 

VІ. Үйге тапсырма: §50. Оқу, мазмұндау.

        «Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын» тақырыбында эссе жазу.

203 беттегі №4 сұраққа жауап беріңдер.

V

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.71 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 177

Похожие материалы