Тарих сабағында тарихи деректерді салыстыру әдісі арқылы оқытудың тиімділігі
Предмет:
|
История
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Айдаралиева Дана Жаксылыковна
|
Здесь была ссылка на работу Тарих сабағында тарихи деректерді салыстыру әдісі арқылы оқытудың тиімділігі автора Айдаралиева Дана Жаксылыковна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
І. Кіріспе А) Айқын мақсат- нәтиже кепілі Б) Сөздің ең ұлысы,ең сипаттысы –тарих ІІ. Негізгі бөлім А)Салыстыру -ойлаудың және қабылдаудың негізі Б) Оқушылардың қабілетін дамытуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру жолдары ІІІ. Қорытынды Мақсаты: Оқытуды дербестендіру,оқыту сапасн арттыру,оқытудың әдіс-тәсіліне сүйене отырып,оқушының ізденгіштік, өздігінен жұмыс істеу және сыни тұрғыдан ойлай отырып салыстырмалы талдау жасау дағдыларын дамыту. Міндеті: Тарихи оқиғалардың заңды және себеп-салдар байланыстарын орнатуда өз ой-пікірлерін өмірмен байланыстыра отырып, дәлелдей алуына, әртүрлі фактілерге өз көзқарасын дәлелдей алуға бағыт беру. Тарих - мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Тарих пәнінің өмірді ізгілендіруде берер мүмкіндігі мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжіибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Өткенін білмес, бүгіннің қадірін бағалай алмайды. Ендеше тарихта еш нәрсе жоғалмайды, ескірмейді, өлмейді. Тарих пәнін оқытудың басты міндеті - жас ұрпақты адамзаттық шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару. Оқыту әдістерін тиімді пайдалану тарихи дамудың заңдылықтарын түсінуді жеңілдететін жол екендігін түсіну және жетілдіру қажет. Оқытудың белсенді әдістері - технологиялары туралы тоқталғанда орынды да тиімді қолданылған жағдайда оқытудың барлық әдістерінің де белсенді әдістер бола алатынын ескеруіміз қажет. Ал сол белсенді яғни оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді педагогикалық технологиялар дәрежесіне жеткізу үшін, оқыту үрдісіне оқушылардың ойлау қызметін дамытатындай зерттеушілік, ізденушілік сипат беруі және оқушыларды жоспарланған нәтижеге жетуге ынтасымен қызыға кірісетіндей шығармашылық жағдайға бағыттау керек. Бұл үшін: - тиімді әдіс арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру. - тұлғаның өзіндік сенімділігін, жауапкершілігін арттыру жолдарын іздестіру. Тарих сабағында сапалы білім мен қызықтыру мақсатында сабақты өз ой пікірлерін өмірмен байланыстыра отырып, әр түрлі тарихи фактілерді бүгінгі өмірмен тығыз байланыстыруда, өткен сабақпен жаңа білім арасындағы байланысты анықтауда сыни тұрғыдан ойландыратындай тапсырмалардың тиімді екенін аңғардым. Сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сыни тұрғыдан ойлау - ойлаудың және қабылдаудың негізі, қиын оқытуды балаға қызғылықты ету болып табылады. Тарихи мәліметтер оқу үдерісінде өзінің басты фактісімен, теориялық белгілерімен көрінеді. Бұл жайында оқушылар толық, тартымды нақты мағлұмат алуға тиісті. - Сондықтан оқушылар тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін сыни көзбен қарай отырып тарихи құбылыстарды, өзгерістерді аңғара алады. Оқушылардың көбі үшін тарихи материалды оқығаннан гөрі олардың мәнді-мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін,өз тоқтамын тұжырымдаған жағдайда жақсы нәтижелерге жеткізеді. Кез-келген құбылыстың ақ пен қарасы, жаманы мен жақсысы, жетістігі мен кемшілігі болады. Осы тұрғыдан кез-келген оқиғаның астарына ой жүгіртіп, талдап, салыстыра отырып, оқушының сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыра аламыз. 8 сыныпта оқушылардың Ү-ҮІІ бөлімдерден алған білімдерінің деңгейін бақылау мақсатында XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанға саяхат сабағын өткіздім. Оқушыларды 2 топқа бөле отырып, мынадай тапсырмалар бердім. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі екі ғасырдан астам қазақтың рухани көсеміне айналған Абылай ханның тақырыбын оқыту-Қазақстан тарихын мектепте оқытудың маңызды тақырыптарының бірі. Ұлы тұлғаны танып,білу үшін нақты деректер керек. Тарихи әдибиеттер мен деректерде Абылайдың қай жылы хан тағына отырғандығы жөнінде біріңғай пікірлер жоқ.Оқушыларға нақты білімді беруде бірнеше деректерді,мәліметтерді ақтара келе сыни тұрғыдан ойлауға бірнеше сұрақтар бере отырып, өзіндік көзқарасы бар тұлға қалыптастыруға болады.Мысалы: «Абылайдың бойында қандай қасиеттер бар еді және өзіңе қандай қасиеті ұнады? Сендер қалай ойлайсындар Абылай өзін Ресей мен Қытайға тәуелсіз сезіне алды ма?»-деген сұрақтарға өз ойларын тұжырымдай отырып «Абылайханның маған ұнаған қасиеті айлакерлігі,әрине құлаққа оғаш естіледі,дегенмен екі алып мемлекеттің ортасында қазақ жерінің жұтылып кетпеуіне бұндай қасиеттің мен үшін маңызы зор»-деп өз ойларын аса бір толғаныспен жеткізе білді. Оқушылар сабаққа тақырыпты меңгерудің түрлі жетекші әдістерін қолдануды табиғи түрде талап етеді. Сабақтың сапалы өтіп, мақсатына жетуі мұғалім мен оқушылардың сабақ үстінде атқаратын оқу қызметіне байланысты болмақ. Бұл міндетті мұғалім өзінің алғашқы сабағынан бастап, соңғы сабағына дейін барлық оқушының қызметімен айналысса, оң нәтижесін беріп, жетістікке жету мүмкіндігі мол.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
81 Kb
|
Количество скачиваний:
|
22
|
Просмотров: 194
Похожие материалы