Тақырыбы: «Ақпаратты кодтау»

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  « Ақпаратты кодтау».Сабақтың мақсаты:Білімділік:«Ақпаратты кодтау» тақырыбын талқылау арқылы бекiту. Дамытушылық:Ақпаратты кодтау бойынша берiлген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың құрылымдық логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.Тәрбиелілік:Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.    Сабақ түрі: аралас .Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру,  тапсырмалар орындау).Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы )Жаңа сабақ.Кодтау – бұл ақпараттарды сақтау және толымдауға ыңғайлы етiп оны түрлендiру.Шындығына келгенде адамдар ойланбастан көптеген кодтарды қолданады.  Бiздiң күнделiктi сөйлейтiн тiлiмiз де код болып табылады. Үйдiң, телефонның, пәтердiң нөмiрлерi – бұлар сан түрiндегi кодтар. Апта, ай атауларын да код деп атауға болады. Музыка дыбыстары ноталық таңбалармен кодталған. Барлық заттарда штрих-коды немесе жолақ коды бар. Радиомен байланысқанда  Морзе әлiппесi қолданылады, ондағы әрiптер нүктелермен және сызықшалармен алмастырылады. Кейде шифрланған мәлiметтер бойынша қандай шифр коды қолданғанын анықтап, шифрланған мәтiндi табуға болады. Сабақ барысында кодтау кестесі бойынша тапсырмалар ұсынылады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 60

Похожие материалы