Тақырыбы: Физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Ғылыми-  техникалық прогрестің қарқынды даму үдерісінде және оның өндірісте ауқымды пайдалану заманы-білім беру саласының мекемелерінің алдында үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл міндет - оқушыларды жүйелі түрде сапалы біліммен қамтамасыз ете отырып келешекте алған білімдерін толықтырып оны өздерінің танымдық және зерттеушілік қаблеттерімен ұштастыра білу. Физика пәні бойынша білімді сапалы түрде қалыптастырудың маңызды факторларының бірі - сабақ үстінде оқушылардың білімге деген танымдық қызығушылығын арттыру. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіру барысында сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру өте маңызды. Физика пәнінің кабинетін замануи талаптарға сай жабдықтау оқушының пәнге деген қызығушылығын өз кезегінде жағымды әсер етуі сөзсіз. Кабинеттің талапқа сай жабдықталуы мұғалімге жаңа материалды түсіндіруге уақытын үнемді және тиімді пайдалануына үлкен септігін тигізеді. Көптеген оқушыларда оқуға деген немқұрайлық, осыған орай төмен танымдық қызығушылық деңгейі көрінеді. Сондықтан да кез-келген мұғалімнің алдында осындай мәселелерді шешу үшін сабақ берудің тиімді әдістерін, түрлерін іздестірген жөн деп есептеймін. Бірінші кезекте   күттірмейтін шешім бұл білім беру үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру. Білім алу үдерісінде тұлғаның белсенділігін арттыру-бұл сапасы деңгейінің көрсеткішіне және тұлғаны дамытуға және оның кәсіби дайындығына тікелей әсер ететін фактордың бірі болып табылады. Жылдан-жылға ақпарат ауқымының жылдам өсуі оның көпсалалығы біздерден іскерлікті талап ететіні даусыз, ендеше осы мақсатқа жету жолы бұл аралас білім арқылы іздену, дұрыс шешім қабылдау. Оқушының бойына табылатын білім-білік дағдысы оның мәліметтер жинауда, оны талдауда, ақпарат жүйесін жинақтауда нәтижелерді қорытындылауда және істің соңына дейін жеткізудегі өзінің жекелеген іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай мұғалімнің де мақсат-міндеттері өзгеріп отырады. Енді мұғалім тек қана білім беретін ақпарат көзі ғана болып қоймайды, мұғалім енді оқушының өзін-өзі дамытудағы іс-әрекеттердің ұйымдастырушысы, шығармашылық ізденістерге бағыт-бағдар беруші болуы керек. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.36 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 98

Похожие материалы