Тақырыбы: «Қимылды ойын»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру сала: Денсаулық

Оқу іс – әрекеті: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Қимылды ойын»

Мақсаты: Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын

нығайту.Дене шынықтыруға деген қызығушылығын

арттыру. Балалар ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелу.

Көрнекілігі: Аңдардың, құстардың, ағаштардың суреттері, үңгірдің макеті.

Әдіс –тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ барысы: Жаттықтырушы орманға саяхатқа баратынын хабарлайды.Балалар сапқа тұрып «Поезд» өлеңін айтады.

Жаттықтырушы.

Қане, кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол поездың.

Қатар –қатар тұрайық,

Поезды біз құрайық.

Пш-пш-пш, басты алға,

Қарап қалма аспанға

Пу-у-пу!

Ал, балалар міне орманға да жеттік. Ортман қандай әдемі, айнала толы

ағаштар, жабайы аңдар мен құстардың да түрлері көп екен.

Біз қандай ағаш түрлерін білеміз? ( шырша, аққайың, терек, емен,т.б).

Дұрыс айтасыңдар, ал қандай аңдарды білесіңдер?

( қасқыр, аю,қоян,түлкі,т.б).

Өте жақсы, ал енді шыршамыздың түсі қандай? (Жасыл)

Балалар шыршаға қарайықшы, шырша қандай пішінге ұқсайды?

( үшбұрышқа ұқсайды).

Дұрыс айтасыңдар! Осы шыршадан біз қанша жаңғақ көріп тұрмыз? (1,2,3,4,5)

Түстерді білеміз, санауды да санаймыз. Ал енді орман ішін аралап көрейік.

1-жаттығу: Қараңдаршы ,алдымызда су ағып жатыр. Бәріміз бір қатарға тұрып, қолымызды белімізге қойып, екі аяғымызды қосып, судан секіріп өтейік.

2-жаттығу: : Енді ормандағы ағаштардың қимыл-қозғалысын келтірейік. Қолымызды жоғары көтеріп, оңға қарай иілеміз, солға қарай иілеміз (4-5 рет)

3-жаттығу:Балалар ормандағы аюларды оятып алмау үшін аяғымыздың ұшымен жүруіміз керек (балалар қолдарын беліне қойып, өкшелерін көтеріп, шеңбермен жүреді ( екі рет айналу)

4-жаттығу: Ал мына маңайда аңдар көп, сол себептен осы жерден жүгіріп өтейік (балалар шеңбер құрып жүгіреді.(жүгіру жаттығу)

Тәрбиеші: Ал кім денсаулық туралы тақпақтар біледі?

Тоғжан:

Денсаулық шыныққан,

Барлық денем мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан ,

Жүйке-тамыр мүшесі.

Ақбөбек:

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастан біз.

Әлішер:

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Қимылдайды әр сәтте,

Аяқта бір, қолда бір.

Жасмин:

Жазда ықпаи ыстықтан,

Қыста бұқпай суықтан.

Айналысқан спортпен,

Біз баламыз шыныққан.

5- жаттығу: Кәне, енді мына үнгірден өтейік

(үңгірден еңбектеп шығу)

Жаттықтырушы: Балалар енді бойымызды сергіту үшін

бірнеше қимылды ойындар ойнайық.

«Үйіріңді тап»; «Кім шапшаң»;

«Топтаспақ»; «Домалатпа»

Қорытынды: Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?

Біз судан қалай өттік?

Қандай қимыл –қозғалыс жаттығуын жасадық?

Қандай қимылды ойындар ойнадық?

Сабақ соңында өзіміз мініп келген поезымызбен топқа қайтамыз
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.09 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 154

Похожие материалы