Тақырыбы: К.Салықов «Балқаш таңы» өлеңі 4 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сейтахметова Гульстан Айтбаевна
|
Тақырыбы: К.Салықов «Балқаш таңы» өлеңі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы:Балқаш таңы
Сабақтың мақсаты:
Білімілігі:Балқаш таңы өлеңінің мән-мағынасын ашып негізігі ойын табу арқылы мәнерлеп оқуға, сазды ерекшелігін сақтауға, сөз екпінін дұрыс қоюға, ой екпінін дұрыс қоюға жанрлық ерекшеліктерін білуге ұйқас түрін ажыртуға және өлең құрылымын жан-жақты талдай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отыра, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-құралы: Сұрақ-жауап, Талдау, Салыстыру, Құрастыру. Дербес. Жұппен. Шығармашылық жұмыс. Интеракивті тақта.
Пәнаралық байланыс; Қазақ тілі, дүниетану, математика, ән сабағы
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Қызғушылығын ояту.
-Біз қандай өзеннің жанында тұрамыз?
-Өзеннің таңғы тіршілігіне көз жүгіртіп байқап көрдіңдер ме?
-Таңғы тірішілікте дала кең тыныс алып, барлық дүние ұйқыда, таң рауандап атып, шапағын жер көкке нұрлана шашқанын көрдік.
-Тақтаға назар аударайық қандай өзен - көлдерді көріп отырсыңдар атаңдар. Көлемі жағынан қалай орналастыруға болады.
- Себебі Көл 75 пайызын Іле өзені, 15 пайызы өзендер үлесініен, 8-11 пайызы жауын-шашынға, 2 пайызы жер асты суының үлесіне келеді. Батыс бөлігіне Іле өзенінің құяр жері тұщы, ал шығыс бөлігінің тұздылығы 5,2 пайыз.
- Теңіз деңгейінен 340 м биіктіте жатыр. Көлдің ауданы құбылмалы 17-22 мың шаршы км 22 , ұзындығы 614 км ең енді жері 74 км, жағасының ұзындығы 2383 км. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м.
- Бұл қай көлмен ұқсас?
- Алакөлімен оны зерттеген Ш.Уалиханов
- Көл неге екі бөлініп жатыр?
- Балқаш көлі Батыс Шығыс болып екіге бөлінеді. Батыс жағы кең,таяз /6-12м/.Шығыс жағыенсіз терең /15-26м/.
- Қандай балықтар кездеседі?
- іле,балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы, тұқы,аққайран, көксерек, арал қаязы.
- Балалар Балқаш туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер.
- Қалай ойлайсыңдар біз не себепті Балқаш туралы көптеген мәліметтер іздестірдік?
- Бүгін біз сабағымызда Кәкімбек Салықовтың «Балқаш таңы» атты өлеңімен танысамыз.
- 1932 жылы Көкшетау обылысының Володар ауданында дүниеге келген.
- Өлеңдер жинағы; Жезкиік, Нұрлы күндер, Жұлдызды жылдар тынысы.
ІІ кезең. «Талдау- табыс кілті» атты бөлімгеде келіп жеттік.
-Аты айтып тұрғандай бұл бөлімде төменнен жоғарыға қарай баспалдақпен шыға отыра талдаймыз.
а/ Лирика түрі /Табиғат / .
ә/ Жанр түрі /Арнау/.
б/ Буын түрі /11/.
в/ Бунақ түрі /3/ .
г/ Шумақ-тармақ түрі /3 шумақ 12 тармақ /.
ғ/ Ұйқас түрі/ Қара өлең/.
Сергіту сәті: Ән – би қимылдары.
ІІІ. Лездеме / мағынасы тез/
1. Тіл байлығы
Эпитет / Алтын күн,/ сүйсіну,күн сары/ ақ таң, арай бақ /Теңеу/мысқа/
Күрделі сөздер: жан-жағына, қып-қызыл, Омоним:Айдын,ақ.
2. Даналығы /Мақал-мәтел, негізігі ойы/
3.Тәрбиелік мәні / Не алдың?/
4. / Авторлық ізденіс /Шығармашлық жұмыс/
БАҒАЛАУ
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.85 Mb |
Количество скачиваний: | 21 |