Тақырыбы : «Мен. Қайтадан мен. Тағы да мен»

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сыныбы :9 «ә»

Тақырыбы : «Мен. Қайтадан мен. Тағы да мен»

Мақсаты: оқушылардың «жеке тұлға» туралы ұғымын қалыптастыру, өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастыру, өзін – өзі дәлме дәл анықтау. (темперамент типтерін анықтау)

Міндеттері:

1.     Мамандық – өмір құндылықтарын жүзеге асырудың тәсілі екендігін көрсету.

2.     Оқушыларды өзін-өзі  анықтау ұғымымен таныстыру.

3.     Оқушылардың «жеке тұлға» ұғымын қалыптастыру

4.     Оқушылардың «Мен» тұжырымдамасын қалыптасттыру.

5.     Өзін өзі анықтау деңгейін қалыптастыру.

Жабдықталуы: тақта, бор,

         «Жан жақты Мен» жаттығуын жазуға арналған ақ парақ.

             Жоспар:

1.     Сабақты ұйымдастыру.

2.     Оқушыларға «жеке тұлға» туралы түсінік беру.

3.     Сұрақ- жауап.

4.     «Мен қандаймын» жаттығуы.

5.     Темперамент типтерін  анықтау.

6.     Қорытындылау .

 

1.     Жеке тұлға- бұл адамның жетілуінің нәтижесі болып табылатын, оның ерекше қасиеті. Басқаша айтқанда бұл адамның әлеуметтік байланыстары мен қарым-қатынасындағы даралығы. Жеке тұлға ұғымының астарында қоршаған ортасын, ішкі әлемін белсенді танитын, өзі және жетістіктері мен кемшіліктері, дербес ерекшеліктері туралы азды көпті дұрыс пікірдегі адам жатыр. Жеке тұлға болу- демек өзінің сценариің бойынша «Мен» бейнесін құру.

2.     Сұрақ-жауап.

1.     Жеке тұлға дегенді қалай түсінесіңдер?

2.     Жеке тұлға деген адамға ғана тән ұғым деп айтуға бола ма?

3.     Жеке тұлғаны не ерекшелендіреді?

4.     Жеке тұлғаның басты мінездемесі қандай?

5.     Жеке тұлғаның бағыттылығы нені білдіреді?

3.     «Мен қандаймын» жаттығуы. Мақсаты: оқушылар өзінің жеке бас қасиеттерін байқау. Бұл ойынның негізгі шарты. Бір оқушы сыртқа шығып кетеді. Ал сыныпта қалған қалған оқушы сол оқушы жөнінде жағымды, жағымсыз қасиеттерін ортаға салып талдайды. Талдап болған соң сырттағы оқушыны шақырып өзі туралы не айтқанын айтады. Сыныптастарының талқылаған сипаттамасы жеткіліксіз болса, оқушылар айтылмай қалған  пікірлерді ортаға салады. Сөйтіп келесі оқушыға жалғастырып кете береді.

4.     Оқушылардың дәлме дәл  өзін анықтау мақсатында «темперамент» типтерін анықтайтын тесті жүргізу.

 

Оқушыларға 80 сұрақтан құралған тесті ұсынылады. Сол сұраққа ия деп жауап берсеңдер  «+» белгісін қоясыңдар, ал  жоқ деп келіспесеңдер «-» деп белгілейсіңдер. Темперамент типтері төртке бөлінеді. Холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін оқушылардың қай типке жататындығы жеке-жеке талқыланады.

1.     Дәлме- дәол өзін өзі бағалау деген не?

2.     Өзін-өзі анықтау деген не?

3.     Өзін өзі бағалауға не әсер етеді?

Қорытындылау.

 

Әділдік сапа, адамның өзінің тумысын, «Мен» ін зерттеудің тереңдігі, қоршаған әлеммен белсенді өзара іс- әрекеті әр түрлі әдіс-тәсілдердің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Адам үнемі өзіне жүгіне отырып, сырт жақтан байқағандай, іс әрекетін талдап, бағалайды және бақылайды. Алайда адам кейде қылықтарының себептерін нақты түсіндіре алмайды. Бұның болатын себебі, жады құрылымы, ойлау, қиялдау секілді психиканың басым бөлігі, жете түсінудің ырқына көнбейтіндіктен, өзін өзі бақылау оңай емес. Санадан тыс деп, адамның психикасындағы күйініш аясын атайды. Сезімі мен қылығының себептерін ұғыну, бақылау қиын болғандықтан, адам оларды анықтауға қиналады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.36 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 177

Похожие материалы