Здесь была ссылка на работу Тақырыбы: Спирттердің жіктелуі автора Әбуова Дидар Есенбекқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
а) Органикалық химия курсындағы Оттекті органикалық қосылыстар кластарын, спирттер және олардың жіктелуіне түсінік беру ә) Оқушының білімді өздігінен түсініп, шығармашылықпен жұмыс жасауына, қызығуын, ынтасын, қиялы мен қабылдауын қалыптастыра отырып, сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша тірек-сызба нұсқалар арқылы тақырыптық білімдерін арттыру. б) Оқушылады жат қылықтан және зиянды әдеттерден аулақ болуға, адамгершілігі жоғару, иман жүректі, рухани таза адам болуға тәрбиелеу ІІІ. Жаңа білімді меңгеру Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттердің жіктелуі Көмірсутектеріндегі бір немесе бірнеше сутек атмодарының орын функционалдық топтарды оттекті органикалық қосылыстар деп атайды. Оттекті ьорганикалық қосылыстардың функционалдық топтары құрамында оттек болады. Оттекті органикалық қосылыстар спирттер, фенолдар, альдегидтер мен кетондар, карбон қышқылдары, жай және күрделі эфирлер, көмірсулар жатады.Спирттер. Спирттер мен фенолдар Функциональдық топ ( - ОН) Спирттердің жіктелуі: біріншілік екіншілік үшіншілік Жүзім шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланды «Спирт» сөзі латынның «шараптың рухы» деген сөзінен шыққан. Шарап спирту немесе этил спиртінің формуласы - С2Н5ОН. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілетін бұл затты тұрмыста жай ғана спирт деп атайды. Ал ХҮІІІ ғасырдан бастап «спирт» деген сөзбен қатар «алкаголь» (араб «әл-кугул») деген сөз қолданыла бастады. Функционалдық гидроксил (ОН) тобы бар қосылыстар екі маңызды органикалық кластар құрайды. Оларға спирттер және фенолдар жатады.