Тақырыбы:«Елін сүйген – Елбасы»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:


Тақырыбы:«Елін сүйген – Елбасы»

Мақсаты: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының өмірбаяны мен кісілік келбетін таныту.Елін сүйген,ел сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер,буклет,бейнебаян.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: Балалар бүгін 1-желтоқсан тұңғыш президент күніне арналған ашық сабағымызды

Қ.Р мемлекеттік әнұраны мен бастайық.

Ән: « Менің Қазақстаным.»

Тәрбиеші: Тәуелсіздік –рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бұдан болған азап күн.

Елім,жерім,қазағым деп тебіренем,

Өйіткені мен –тәуелсізбін , азатпын.

-Балалар сендер білесіңдерме, біздің Отанымыз қалай аталады.?

-Қазақстан.

-Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адамның туып өскен жері,біз тұратын атамекен.

-Қазақстанның елордасы қай қала?

-Астана.

-Өте жақсы. Біздің елбасымыз кім?

-Н.Ә.Назарбаев.

-Жарайсыңдар .Н.Ә.Назарбаев Қ Р тұңғыш президенті,мемлекет қайраткері екен .Ендеше балалар мен сендерге Елбасымыздың қысқаша өмірбаянын түсіндірейін.

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы обл.Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында , Іле алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжанның шаңырағында дүниеге келген екен .Сонымен кішкентай елбасымыздың есімін атап қою үшін оның әке –шешесі ,туған-туыстарының барлығы көп ойланған. Осылайша Назарбаевтың есімін үлкен әжесі Мырзабала немерем екі бірдей есімді алып жүрсін, оның аты Нұрсұлтан болсын деген екен. Бірақ кішкентай кезінде отбасы оның есімін Сұлтан деп атап кеткен. Н.Назарбаевтың әкесі ,оның арғы үлкен аталарыда мал бағып,шаруашылық пен айналысқан екен.Елбасымыздың әкесі Әбіш өте еңбекқор ,адамдарға әрдәйым қол ұшын беретін жақсы адам болған.

Н.Назарбаев бала кезінде әкесінің жақсы істерін көп көріп,көп ақылын тыңдаған екен.Кейінірек Н.Назарбаев мектепте оқып жүрген кезінде ол өз сыныбында ғана емес ,мектептегі ең үздік оқушының бірі болған.Ол сабақты өте жақсы оқып ,ағайын-туыстарының әкелген кітаптарының бәрін жан- тәнімен қызығып оқып шығатын.Сүйтіп ол үлгілі де тәртіпті бала болған.Бір қызығы Елбасы мектеп бітірер кезде болашақта ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ ойлаған арманы орындалып қазір ұшқыш болып жүрме? -Жоқ. Елімізді басқарып,Қазақстанның президенті болып жүр екен! Елбасымыз 20 жасында Қарағанды қаласындағы көмір зауытында жұмыс жасаған.Содан кейін отбасын құрып ,көптеген кезеңдерден өтіп ,1991 жылы 1-желтоқсанда Қ.Р –ның тұңғыш рет президенті болып сайланған. Содан бері көп еңбек атқарып,елімізді дамытып ,өз алдымызға тәуелсіздігімізді алып, Қазақстанның жаңа елордасы –Астананы салуға басшылық жасап,оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда.Сонымен Елбасымыз сайланғаннан кейін Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, мемлекеттік әнұраны және Қазақстанның ұлттық теңгесі шыға бастаған. Осылайша Елбасымыз еліміз үшін аянбай еңбек етуде. Олай болса балалар Елбасымызға тақпақтарымызды арнайық.

Нұртілеу: Туған жерім, кең байтақ,ұлан-ғайыр,

Елбасымыз Отанымның Назарбаев.

Нұрсұлтандай атамыз ұстап тұрған,

Болашағы Қазақстанның бар ғажайып.

Абылай: Атап айтсақ, мың тоғыз жүз тоқсан бірде

Әртүрлі өзгерістер болды елде.

Кеменгер , аса ойшыл Президентім

Тәуелсіздік мәртебесін алды елге.

Алтынбек: «Ана-тілім тұғырым» бола берсін

Болашағым бейбітшілік нәрін сезсін.

Пайғамбарым бір Алла тірек болып,

Нұрсұлтандай атамызға төзім берсін.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар.Балалар сонымен қатар қалалардың көркейіп гүлденуі, қала көшелерінің тазалығы мен жасыл желекке орануы табиғатымызға сән береді. Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тазалық-саулық негізі- саулық байлық негізі» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу үшін айрықша мән берген.Балалар сендерде осы Елбасымыз сияқты табиғатымызды аялай білесіңдер ме?

-Ия .

Олай болса біздің табиғатымыз таза болып,қаламыз көркейіп, гүлдену үшін не істеу керек.?

-Қоқыстарды кез –келген жерлерге тастамау керек.

-Өсіп тұрған ағаштардың бұталарын сындырмау керек.

-Гүлдерге су құйып,аялау керек.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.Ал енді бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік боп өседі.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Балалар біздің елордамыз Астана қаласы өте әдемі, әсерлі қала.Онда көптеген үлкен ғимараттар салынған.Сендерде астана қаласына барып қыдырып,ұлкен ғимараттарды көріп,бәйтеректің басына шыққыңыз келеме.?

-Ия.

Ендеше болашақта сабақты жақсы оқып, үлкен апа- ағаларың ұқсап Астана қаласына барып білім алып,Бәйтеректің басына шығып арман ,тілектеріңіздің орындалуына тілектеспін. Сонымен балалар Астана қаласына арнап,тақпағымызды арнайық.

Жауқазын: Ел ордасы –Астанам

Саған айтам-асқақ ән.

Әрқашанда қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.

Әсел: Менің атамекенім,

Атамекен-тұрағым

Сөнбейтұғын шырағым

Көк байрағым айбыным

Қасиетті тұмарым.

Қорытынды: Бейне баян «Балалық шағымның аспаны.»

Елбасының қазақ халқына ант беріп, жолдау сөздері.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.92 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 131

Похожие материалы