«Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық еңбек дағдыларын қалыптастыру» баяндама

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

БАЯНДАМА

 

Атадан балаға мұра болып келе жатқан бұйымның бірі — БЕСІК. Көп жылдар бойы «ескіліктің қалдығы» саналып келген бесікті қазіргі жастар біле де бермейді. Меніңше, қасиетті бесіктің қадірін білмей, ескіліктің қалдығы деп үрке қарау — білімсіздік пен мәдениетсіздік. Бесікті зиянды деп жүрген педиатрлардың оның қандай мүлік екендігінен және баланы оған қалай бөлеу керектігінен хабары жоқ. Олардың ұғымы бесікке бөлеген бала үнемі аяқ-қолы таңулы жатқандықтан аз қимылдайды, соның салдарынан нәзік және аурушаң болып өседіге саяды. Ал шындығына келетін болсақ, бесік деген - сәби үшін де, оның шешесі үшін де өте тиімді. Бесіктегі бала, біріншіден, таза өседі, екіншіден, асты құрғақ баланың ұйқысы да тыныш болып, анасының мазасын көп алмайды, үшіңшіден, бесікте күн ұзақ құндақтаулы жатқан балаға салқында тимейді, көп ауырмайды. Төртіншіден, көп уақытын бесікте өткізетін бала сырт көзден тыс болады, яғни сәбидің тіл-көзден аулақ болуына септігін тигізеді. Бесіншіден, дүниеге келген сәттен бастап, құндақта жатқан баланың денесі тіп-тік, аяғы түп-түзу болып өсетіні барша жұртқа аян. «Нәресте  ұйқымен өседі» демекші, нәрестенің тыныш ұйықтауына бесіктен артық жайлы орын жоқ. Алтыншыдан, бесік белгілі бір ырғақпен тербетіледі, олай болса жүйкені бір қалыпқа түсіріп, мінезінің сабырлы болуына және ана әлдиін тыңдаған бала қайырымды, ұлттық қасиет дари өсері сөзсіз.  Бесік — баланың денсаулығына, тәлім-тәрбиесіне, ми қыртыстары қызметінің жақсаруына нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне гигиеналық жағынан алып қарағанда өте пайдалы ата-бабамыздан қалған қасиетті де киелі бұйым. Ата-бабамыздың даналығы сол, бесікте жатқан баланың жамбас тұсына  «жылы болсын» деп қой терісінің кішкентай бір бөлігін төсеген, ал қазіргі кездегі Израйльдің дәрігер-ғалымдары  АҚШ-

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.07 Mb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 140

Похожие материалы