Тема урока "Қысқы көңілді ойындар"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хамраева Мимангуль Сейтахуновна
|
Тақырыбы: Қысқы көңілді ойындар
Мақсаты:Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:.Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Көрнекліктер:Қыс мезгілінің, қыс ойындарының суреттері..
Сабақтың барысы:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста не жауады?
- Қар жауады.Қыста ауа райы қандай?
- Суық.
- Дала қатты суық күні далада ойнауға болама?
- Иә, балалар болады. Себебі, суықтан қорықпау керек.
- Қандай қысқы ойындар білесіңдер?
- Аққала соғамыз, сырғанаймыз,шаңғы, шана, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Қарлы боранымен, сиқырлаған аязымен қыс келді.Бірақ біз қыстан қорқпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз.Сырғанақ ойнап,ақ қала жасаймыз.
Суретпен жұмыс:Балаларға қысқы ойындардың суреттерін көрсетіп, түсіндіру.
Ғажайып сәт:Қоян қонаққа келеді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, қоян. Сен қайдан кележатырсың?
Қоян: Мен балалармен ойнауға асықып кележатырмын. Балалар сендер менмен ойнайсыңдарма?
Балалар: - Иә, ойнаймыз.
Қоян: Ондай болса, «Қар лақтыру» ойынын ойнайық.
Ойын: «Қар лақтыру». Ойынның шарты,балалар екі топқа бөлінеді. Бір- біріне қар лақтырады.
Тәрбиеші: Ал, балалар біз ойын ойнадық, енді кім тақпақ айтып береді?
І-бала Апақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен.
Тоғайлар тон киеді,
Аяз беттен сүйеді.
ІІ-бала Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшыңды киймесең,
Құлағыңды тістеген.
ІІІ-бала Қырау қатып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға
Бірі шаңғы тебеді.
Сергіту сәтті: Қыздырайық денені
Кел балалар, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымызда тұрып ақ
Жүгірейік бір уақ,1,2,3 (Орындарында тұрып жүгіреді)
1,2,3 Аяқты алға созайық, тік көтеріп қозғайық.
Ұжымдық жұмыс: Балалар қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға орналастырады.
Қоян мен қоштасу
Сұрақ-жауап. – Балалар қандай қысқы ойындар бар екен?
-Қыстың күні ауа райы қандай екен?
Қорытынды: Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.Қыс ерекшілігі туралы балалардың жауаптарын жинақтап, толықтырып,қорытындылау.
Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы
Тәрбиеші: М.С. Хамраева
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.82 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |