«The ABC - party in English» кеші

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Розиев Мухамед, ағылшын пәні мұғалімі

         « Ақтам орта мектебі  мектепке дейінгі 

             шағын орталығымен» КММ

  Сабақтан тыс өткізілген шара

«The ABC-party in English » кеші

Кешті өткізудің мақсаты мен міндеттері:

- Білім беру,өткен материалды қайталау, қызықты оқу түрлері арқылы шет тілін үйренуге қызығушылық туғызу;

-Балалардың ағылшын әлібиінің әріптерін пайдалануын, бұрын өткен сөздерді қолдануын белсендіру, өтілген грамматикалық  және лексикалық бекіту;

Дамыту;

-Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен тілдік  қатынас жасау мәдениетін, актерлік қабілеттерін дамыту;ой-өрісін сенсорлық қабілеті мен зейінін дамыту;

-Оқушылардың лексикалық-грамматикалық дағдыларын және тыңдау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3.Тарбиелеу;

-Оқушылардың уйренетін тілге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру.

-Бір-бірін құрметтей білуге тәрбиелеу.

          Шараның барысы;

Сахнаға жургізушілер шығады

1-жургізуші; Good morning, boys and girls!

Good morning, dear quests We are glad to see you at our  ABC – party

2-жүргізуші. Сәлеметсіңдерме балалар! Кұрметті қонақтар

Сіздерді ағылшын әлібиі мекекесінде көргенімізге қуаныштымыз.

1-жүргізуші. Today  we’ll speak about English, play many interesting games sing songs and remember what we have learned at our lessons

2-жүргізуші Бүгін біз ағылшын тілінде сөйлеп қызықты ойындар ойнаймыз, ән салып оқығандарымызды еске түсіреміз.

1-жүргізуші.  Are you ready to practice your knowledge?

2-жүргізуші

: Өз білімдеріңізді тексеруге дайынсыздар ма?

Жүргізушілер кетіп қалады сахнаға екі оқушы шығады.

оқушы. Қарашы мынау не?( ағылшын тіліндегі кітапты нұсқайды.)

 

2-оқушы.Бұл – кітап

1-оқушы: Кітап ( кітапты парақтай бастайды) бірақ әріптері бір түрлі ғой, біз білетінге ұқсамайды.

2-оқушы: А-а мен білемін! Бұл кітап біздің тілімізде емес. Түсінесің бе?

1-оқушы: Сонда басқа да тілдер бар ма?

2-оқушы: Ия, мен әр-түрлі елдерде әр-түрлі тілде сөйлейтінін білемін.

1-жүргізуші: дұрыс айтасың. Әр елде әр түрлі сөйлейді.Әлемде бірнеше  мыңдаған тілдер бар. Олардың бәрі біз үшін шет тілдер болып саналады. Ал, мына кітап ағылшын тілінде жазылған. Оны оқу үшін ағылшын әліпбиімен танысып, оқып үйрену қажет. Сахнаға әліпби әріптерді шақырамыз. Музыка үнімен қошаметке бөленген оқушылар сақнаға шығады. Олардың әр-қайсысының кеуделеріне ағылшын әріптері тағылған.

Сахнаға шығып, олар кезекпен сөйлейді:

Good morning  letter A!

Good morning  letter B!

Good morning  letter C!

Good morning  letter D!

2-жүргізуші: Балалар сендер білесіңдер ме, ағылшын тілінде де дауысты және дауыссыз дыбыстар болады. Дауысты дыбыстар – 6 дыбыс. Оларсыз бірде-бір сөз болмас еді. Бұл өте маңызды әріптер. Кәне оларды атайық! Балалар оларды атап, алға қадам аттайды

2-жүргізуші: Қалған әріптер қандай? Дұрыс олар дауыссыздар!

Енді орындарыңа тұрыңдар Take your seats! ойынын ойнаймыз.

Таныстыру.

1-ойын : Әріптер жазылған плакаттар: бірішісінде бір әріп жоқ, екіншісінде екі әріп бірдей.Жоқ әріптер мен қайталанатын әріптерді анықтау керек.

2-ойын: Әліпбидегі әріптердің орналасу ретін білесіңдер ме? Кеудесіне ағылшын әріптері жазылған оқушылар ретсіз тәртіппен ортаға шығады. Басқа оқушылар ретімен орналастыру керек.

3-ойын: Жұбыңды тап. ( Мұғалім алдын ала 26-оқушыға бас аріптерді дайындап, тағы 26- оқушыға кіші әріптерді дайындап оларды орналастырып, әр-түрлі орындарға отырғызады.Балалар өздерінің жұбын табады  )

Жүргізуші: Қане , достар! Біз ағылшын әліпьиінің барлық әріптерімен таныспыз.  Оларды оқығанда шатаспайсыңдар деп ойлаймыз. Ағылшын әліпбиі әнұраннын шырқайық. Бәрі ән айтады: « A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S AND T U V W AND X Y Z»

 

This is the English alphabet.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.11 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 137

Похожие материалы