Тәжірибе алмасу- жұмыс сапасын арттырудың кепілі
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Қадырова Зауреш Ратаевна
|
"Описание материала:
Тәжірибе алмасу- жұмыс сапасын арттырудың кепілі Дамуында ерекшелігі бар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу оңай емес, аса жауапкершілікті, білімділікті қажет етеді, ол тәрбиелеудің тиімді әдістемелерін меңгеру арқылы жүзеге асады. Қаламызда Тынысова Рымжан Төлеуханқызының басшылығымен осындай өзіндік ерекшеліктері бар тұлғалармен жұмыс жасап отырған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі бар. Әр мүмкіндігі шектеулі бала- ол жеке тұлға, ал жалпы қоғамда кез-келген баланың құқығы бірдей. Сондықтан да барлық жүргізілген шаралар тұлғаның толық дамуына негізделуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауды кәсіби түрде жүргізіп, қандай да бір нәтижеге жету үшін, жұмыс сапасын арттыру мақсатында Орталық бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып, мамандармен әдістемелік оқытулар өткізіледі. Соның бірі- әлеуметтік қызметкер Еспосынова Алтынай Қуандыққызы өткізген «Ақыл-есі кем балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы» тақырыбындағы семинар еді. Семинар мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялық және дифференциалды жүйелерді пайдалана отырып, инклюзивті қоғамға тәрбиелеу мақсатында жүргізілді. Семинардың алғашқы бөлімінде жалпы балалардың дамуындағы ауытқушылықтардың шығу себептері мен механизмдеріне, оларды анықтап, зерттеу жүргізу әдістеріне, сондай-ақ түзету, тексеру жұмыстарының принциптері мен әдістеріне жеке-жеке тоқталып, толық мәлімет берілді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.64 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |