Здесь была ссылка на работу МЕКТЕП ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ автора Еспенбетова Шолпан Омаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жалпы орта мектепте химиядан берілетін білім - қазіргі дүниенің ғылыми бейнесін түсінуге үлкен үлес қосады. Ол бүкіл әлемді құрайтын заттарды, олардың құрамы мен құрылысын, бір-біріне айналу жолдарын, адамзат қажетіне пайдалану мен күнделікті тұрмыста қолдану тәсілдерін көрсетіп береді. Мұндай түбегейлі мәселелерді жүйелі түрде оқыту білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Соның ішінде табиғатта кездесетін заттардың материалдық тұтастығы; химиялық байланыстар табиғатының бірлігі; заттар қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі және оларды бір-біріне айналдыру кезіндегі химиялық тәсілдердің бірлігі туралы идеяны терең түсінуге жетелейді. Қазіргі заман талабына сай химиялық білім беру үшін оның бастапқы ұғымдары анықтамасын мейлінше түсінікті етіп ұғындыру қажет. Химия пәні негізгі мектептің 8-сыныбына алғашқы химиялық ұғымдарды, терминдерді таныстырудан басталады. Олар өзара сабақтасқан логикалық және тарихи даму жүйесін сақтай отырып берілуі керек. Алғашқы тақырыптар химияның негізгі обьекті-заттардың бір-біріне айналуын түсіндіруден басталады. Заттардың тазалығына тоқталып, олардың химиялық құбылыс кезіндегі ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Химиялық құбылыстың бәрі химиялық реакция ретінде қарастырылады. Осыған орай оқушылардың физика пәнінен білетін дене жайлы ұғымының зат ұғымынан айырмашылығын ашып көрсету керек. Оның үстіне бұл екі ағайындас пәнді жеке оқып-түсіну мүмкін емес. Әсіресе, химиктер физикада берілетін маңызды ұғымдар мен шамаларды, кейбір теорияларды химияны оқып-үйренгенде кеңінен пайдаланылады. Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында дайындаған бір сабақ жоспардың үлгісін ұсынамыз.