ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ХИМИЯ САБАҒЫНДА
Предмет:
Химия
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Еспенбетова Шолпан Омаровна
Здесь была ссылка на работу ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ХИМИЯ САБАҒЫНДА автора Еспенбетова Шолпан Омаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру және көптеген мақсаттарға жоспарын құрып жету әр-бір білім саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың міндеті. Қазіргі заманғы сабақ-біртекті және бірегей емес құрылымдық-мазмұндық нысан. Сондықтан әрбір мұғалім өзі үшін анағұрлым ыңғайлы, өзі жұмыс істеуді жөн көретін парадигмаға сай нысандарды таңдайды. Дарынымен ерекшеленіп тұрған балаға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Жаңа технологияларды мектепке енгізу-қазіргі қажеттілік. Сондықтан мектептің әр мұғалімі өз пәнінің ерекшелігін ескере отырып, қазіргі сабақты жаңа технологиялар негізінде жүргізуге міндетті. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы «ғылым негіздері» болып табылатын пәндер үшін тиімді деп есептеймін. Бұл технологияның мақсаты: мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек [1].