Здесь была ссылка на работу ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ автора Еспенбетова Шолпан Омаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану түрлі мәселелер тудырумен қатар білім алушылардың таным сапасын жетілдіруге, оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және қолдануға тиімді. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын меңгерту барысында, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану зор рөл атқарады [1]. Дәстүрлі сабаққа мұғалімнің дайындығы оқу материалын тиянақты таңдаумен, онда логикалық байланысты құрумен, оқушылардың көрнекті түрде қабылдауына ыңғайлы сабақты сызбалы кестемен ұйымдастыруға негізделген. Бұл жағдайда оқушылар ұсынылған оқу мазмұнын оңай игереді, бірақтанда, мұндай материал жеке адамның шығармашылық потенциалын дамытуға қабілетті емес. Қазіргі уақытта шығармашылық тұрғысында жұмыс жасайтын мұғалімдер өздерінің тәжірибесінде оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясын қолданады. Біз өз тәжірибемізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы болып табылатын, модульдік оқыту қолданылды.