Тіл апталық "Мемлекеттік тіл-менің тілім"! (2 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Темирбекова Акмарал Жусипалиевна
|
Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: жоспары, интерактивті тақта.
Ойын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысатын оқушыларды анықтау. Топтарға бөлу. Жарыс ережесімен таныстыру. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме оқщушылар!
Нақты білімге қызығушылар.
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқығандар.
Жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
-Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
-Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңдар:
1. Таныстыру және топ басшысының тілектері.
2. «Жалғасын тап» ойыны.
3. Кім шапшаң?
4. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу
5. Мәтіннің мазмұнына сәйкес мақал-мәтел жазу.
6. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу)
7. «Іздеген жетер мұратқа». Сиқырлы ұяшықтар.
8. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.
9. Поэзия минуты.
Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын сақа» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады. Енді ортаға сайысқа қатсушы жас достарымызды ортаға шақырайық.
-Жүрегінде от,
Көздерінде жалын бар- дей келе 3 «А» сынып оқушысы Хайтбаева Айдананы ортаға шақырайық. Сынып жетекшісі Умбетова Нуржамал.
-Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты- дей келе 3 «Ә» сынып оқушысы Сағнаева Назеркені шақырайық. Сынып жетекшісі Ибнаминова Жумагүл.
-Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты- дей келе 3 «Б» сынып оқушысы Орынова Айнұрды шақырайық. Сынып жетекшісі Келдібаева Амангүл.
-Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын- дей келе 3 «В» сынып оқушысы Раисова Диананы шақырайық. Сынып жетекшісі Кармусова Райса.
-Еркін сөйлеп барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын- дей келе 3 «Г» сынып оқушысы Құрбанғали Нұржанды шақырайық. Сынып жетекшісі Умарова Светлана.
-Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқыған- дей келе 3 «Ғ» сынып оқушысы Баянова Жанельді шақырайық. Сынып жетекшісі Сагинова Жамал.
-Бүгінгі сайыста достарын,
Қашанда тапқыр бол деп ой салатын- дей келе 3 «Д» сынып оқушысы Пахридинова Ақмаралды шақырайық. Сынып жетекшісі Ахмет Гүлзира.
-Мен дайынмын жарысуға.
Барлығыңызға тілеймін сәттілік- дей келе 3 «Е» сынып оқушысы Омар Іңкәрді ортаға шақырайық. Сынып жетекшісі Темирбекова Ақмарал.
-Бәріненде білгір,
Бәріненде тапқыр- дей келе 3 «Ж» сынып оқушысы Кипшакбаева Нұрсұлтанды шақырайық. Сынып жетекшісі Карибаева Жанайым.
-Әдепті де талапты
Сыныбының мақтанышы- дей келе 3 «З» сынып оқушысы Жұмамұрат Мадиярды шақырайық. Сынып жетекшісі Нұрғалиева Салтанат.
-Сөзге шебер, білімді,
Деп мақтайды ұстазы- дей келе 3 «И» сынып оқушысы Бақытжанов Оралбекті шақырайық. Сынып жетекшісі Жуванова Айсара.
-Ибалы, инабатты,
Жарыста ешкімнен қалыспайды- дей келе 3 «К» сынып оқушысы Ахмадова Аяны шақырайық. Сынып жетекшісі Қазтұрғанова Байрамкүл.
Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазылармен танысайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.95 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |