Тұнғыш елбасы күніне арналған шығармалар жинағы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тұнғыш елбасы күніне арналған шығармалар жинағы

Мен Қазақстан Республикасында туғанмын.  Қазір Ақмола облысы, Атбасар ауданының Мариновка ауылында тұрып жатырмын. Мариновка орта мектебінің  10 –сынып оқушысымын. Менің елім- керемет ел. Өйткені  елім –Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.                                                                                                                               

    Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің мақтанышымыз.  Біздің Президентіміз  әрқашан  халықты бірінші орынға қояды,  сондықтан халық оған сенеді, оған қолдау  көрсетеді. Қазіргі кезде менің елім - егеменді, демократтық,  тұрақты эконономикасы бар және болашаққа нық қадам басқан мемлекет. Бұл –біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Президентіміз сонау тоқырау заманында еліміздің тұтастығын сақтап қала отырып,  тұрақты дамитын мемлекет құра білді. Біз  жас мемлекет болсақ та  көптеген жетістіктерге  жеттік. Біздің еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан  мемлекет – бұл біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Бұл біздің ерекшелігіміз  мемлекетіміздің басқа елдерден  артықшылығын дәлелдейді, өйткені  еліміздегі көптеген халық этностары тұтас мемлекет болып отыр, ал оларды  біріктіретін  Отанымызға деген сүйіспеншілік,  тарихқа деген құрмет және Президентімізге  деген сенім.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.28 Mb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 142

Похожие материалы