Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы түсінік беру

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың мақсаты: Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы түсінік беру және ойнау ережелерін үйрету. Оқушыларға халқымыздың ұлттық спорт ойынын үйрете отырып дүние танымын кеңейту,ой-өрісін дамытуға ықпал ету; Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру,ежелден келе жатқан ұлттық ойынды қастерлеуге және жалғастыруға тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту. Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ. Құрал- жабдықтар: Интерактивті тақта жабдықтары,тоғызқұмалақ тақталары, сызбалары Пән аралық байланыс:Валеология,өмірмен байланыс,математика. Сабақтың барысы:  l.Ұйымдастыру кезеңі.Дайындық бөлімі.                                     ll.Жаңа сабақ.                                    lll. Сабақты бекіту                                    lV. Қорытынды.                                     V. Үйге тапсырма Сабақ бөлімдері Сабақ мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар Дайындық бөлімі10 минут                     Негізгі бөлім   Оқушылармен сәлемдесу.Кезекші мәліметін қабылдау.Өткен сабақтарды еске түсіре отырып, тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихына қысқаша түсініктеме беру.Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық  спорт ойындарының бірі.Тоғызқұмалақ  ойынын «қойшылар тұңғыш алгебрасы» дейді.Оның себебі тұңғыш рет қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны.Ертеде қатар қонған ауыл қойшылары қойды жайып барып,жусатқан соң,бір төбенің басына жиналып,жақ-жақ болып тоғызқұмалақ ойнайтын болған.   «Тұздық немесе –тұзды үй». Ойын барысында тұздық алу деген болады. «Тұздық» алу үшін қарсыластарының бірі өз кезегі бойынша жүру арқылы ең соңғы құмалағы қарсыласының  екі құмалақ жатқан отауына түсіп үш құмалақ етіп алса, бұл ойыншы өзінің қарсыласының екі құмалақ жатқан отауына түсіп үш құмалақ етіп алса,бұл ойыншы өзінің қарсыласынан «тұздық» алған болып есептеледі.   Ойын ережесі бойынша екі ойыншы бір –бірден ғана «тұздық» ала алады». Сол сияқты «тұздық» маңдай (9 отау) отауынан және екі жақтың аттас отауынан қатар алынбайды.   Атсырау. Ойын барысында әсіресе, ойын соңына таман келгенде ойыншының біреуінің құмалағы таусылып қалады да, жүретін жүріс бітеді. Ойындағы бұл жағдайды  «атсырау» деп атайды. «Атсырау» жағдайына тап болған ойын партиясы ұтылғанға есептеледі.Ал қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы өз отауындағы құмалақтың барлығын өз қазанына салып,барлық құмалақтың есебін шығаруға кіріседі. Тоғызқұмалақ ойының негізгі түрі арнаулы тақтада  ойналады. Тақтаның 18 отауы  (ұя деп те атайды), бір-бірден қазаны болады.   Ойынды бастап жүру.Ойынды солдан  оңға қарай кез-келген  отаудан жүруге болады.Ол үшін жүріс жасалатын отау орнына бір құмалақ қана қалдырып,қалған бір құмалақты түгелімен алып, келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығамыз.Сонда ең соңғы құмалақ қарсы жақтың кез –келген бір отауына түсіп  және ол отаудағы құмалақтар  санын жұп жасаған жағдайда (10,12,14,18 т.с.с )ол құмалақтарды  өз қазанына  алып қоюға болады. Жүріс жәй және шабысты болып екіге бөлінеді. Жүріс кезінде қарсы жақтың бір отауы желінетін болса,оны шабысты жүріс дейді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың  санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады.Құмалақтарының  саны жұп болып тұрған отауды «жабық» отау.Ал тақ болып тұрған отауды «ашық отау» деп аталады. Тоғызқұмалақ отаулары жайында.Бұл отаулардың ертеден келе жатқан аттары   2 минут                 8 минут       6 минут                           5 минут                             10 минут       2 минут Оқушылардың сабаққа қатысу  мүмкіндігін дайындық барысын бақылау қадағалау.   Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар,қарақалпақтар,алтайлықтарда ойнайды.Алайда тоғызқұмалақты ол кезде қойдың құмалағымен ойнаған.Бұған онша күрделі жабдықтардың да қажеті болмаған. Екі жақ ойыншыға тоғыз-тоғыздан  шұңқыр(отау), бір-бірден қазан, әр ойыншы 81 – ден барлығы 162 құмалақ пайдаланады.     Тұздықты алудағы мақсат-әр жүріс сайын сол «тұздыққа» түсетін құмалақты «тұздық» иесі өз қазанына алып отырады.   Мұнда ақ  ақ жағының екі жерден тұздық алу мүмкіндігі бар.               «Атсырау» жағдайына дейін екі ойыншының  бірі 82 құмалақ жинап үлгірсе, қарсыласын «атсырау» жағдайына алып келген ойыншы жеңіске ие болады.Тоғызқұмалақта тең ойыны өте сирек кездеседі.                
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 63 Kb
Количество скачиваний: 63
Просмотров: 317

Похожие материалы