Тірек мектебі оқушыларының білім сапасын арттырудағы оқыту технологияларының тиімділігі.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазіргі кезде барлық қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін сапалы білім алу ерекше өзектілікке ие болып отыр. Әрбір азаматтың денсаулығы және білім деңгейімен мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орны айқындалмақ. Ауыл мектептеріндегі білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясат толыққанды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталып, яғни, шағын жинақты мектептердің кадрлық потенциалы ақпараттандырылуы, материалдық – техникалық базасы нығайтыла отырып, ауыл баласының білім сапасындағы айырмашылықтарды жою нақты қолға алынуда. Бірақ ауыл мектептеріндегі оқушылар контингентті санының азаюына байланысты баланы толық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етілген мүмкіндіктері шектеліп отыр. Бұл білім сапасына ықпал ететін үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Ауылдық жердегі мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру және жаңа білім беру мазмұнына өтуге дайындық ретінде бейіндік оқытуды енгізу мәселелерін шешудің бір жолы – ресурстық орталықтар ұйымдастырылуы. Білім беру жүйесі қазіргі кездегі нәтижеге бағытталған білім беру бағытында оқушылардың білімін көтеру әр сабақты жоспарлағанда оқу технологиялар әдістерімен толықтыру мақсаты талап етілуде.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.14 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 120

Похожие материалы