Тренинг сабақ «Әсемдік» ұғымы

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тренинг сабақ «Әсемдік» ұғымы

 

      І-кезең         Ұғымға анықтама беру

/Мұғалім оқушылардан әсемдік дегенді қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылар өз ойларын білдіреді./

     Оқушылар:

Әсемдік – сұлулық белгісі.

Әсемдік – адамның сипаты.

Әсемдік – ... .

/Мұғалім оқушылардың айтқанын тыңдап, әсемдік ұғымының анықтамасын өзі айтады./

Әсемдік–зат пен табиғат құбылысында, қоғамдық өмірде, адамның моральдық және сымбаттық көркінде, көркемөнер шығармаларында көрініп, көркемдік ләззат беретін эстетиканың негізгі категорияларының бірі.

 

      ІІ-кезең  Ұқсас ұғымдарды табу

/Мұғалім оқушылардың әсемдікке ұқсас ұғымдарды атап берулерін сұрайды./

Оқушылар:

Әсемдік – сұлулық, әдемілік, көріктілік, сымбаттылық т.т.

Мұғалім:

– Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атауға болады?

Оқушылар:

Сұлу, әсем, көрікті, сымбатты... .

 

     ІІІ-кезең Қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атау

/Мұғалім оқушыларға әсемдікке қарама-қарсы ұғымдағы сөздерді атауды тапсырады.

Оқушылар:

Әсемдік – көріксіз

Әсемдік – ұсқынсыздық.

Әсемдік – ... .

Мұғалім:

 - Бойында осындай жағымыз жақтары жоқ  адамды қалай атауға болады?

Оқушылар:

-Әдемі, сұлу, әсем, көрікті, сымбатты, ... .

Мұғалім:

 

- Көріксіз, ұсқынсыз деген нені білдіреді?

Оқушылар:

- Сұлу емес, көрікті емес, әдемі емес, ... дегенді білдіреді.

 

 

      ІҮ-кезең  Ұғымның басымдылық жағына анықтама беру

/Мұғалім оқушылардан «әсемдік» ұғымын жағымды жағынан қарастырып, оның басымдылық, артықшылық жағын айтуларын өтінеді./

Оқушылар:

- Әсемдік бақытты сезіндіреді.

- Әсемдік шаттыққа кенелтеді.

- Әсемдік мақтанышқа бөлейді.

- ... .

Мұғалім:

- Бұл қасиет несімен бағалы?

Оқушылар:

-          көз жауын алатындай әдемілігімен;

-          көркем адамның сипатын беретіндігімен;

-           көркемдік ләззат беретіндігімен бағалыт.т.

Мұғалім:

- Осы қасиет адамға қажет пе?

Оқушылар:

-          өте қажет, т.т;

Мұғалім:

-Егер осы қасиет өз бойыңнан табылса, сен қандай күйде болар едің?

Оқушылар:

-бақытты болар едім, т.т;

Мұғалім:

- Осы қасиетті иеленген  адамның қандай артықшылығы  болады?

Оқушылар:

- Ол адам өмірге құштар, сенімді, бақытты, қуанышты, т.т;

Мұғалім:

- Бойында осы қасиет жоқ адам қандай болады?

Оқушылар:

- көңілсіз, ренішті,  т.т;

 

     Ү кезең   Ұғымның кемшілік жақтарын табу

Мұғалім:

- Әсемдікте  кемшілік бар ма?

/Тапсырма алдымен жекелей орындалады. Сосын топта талданады. Ортақ шешім жария етіледі/

Оқушылар:

-          Егер адам эстетикалық талғам талаптарымен санаспастан,  

талғамсыз, сырт көріністі шамадан тыс қүйттейтін болса, онда  үйлесімдік, жарастық болмайды.

 

 Мұғалім «әсемдік» ұғымының жағымды жақтарын және жағымсыз жақтарын атап жазуды тапсырады.

 

 

ӘСЕМДІК

    жағымды  жақтары                                            жағымсыз жақтары

              ...                                                                               ...

              ...                                                                               ...

              ...                                                                               ...

 

/Тапсырманы тақтада орындауға болады, парақ бетін ақ-қараға бөлу, ақ жағына жағымды, қара жағына жағымсыз жақтарын жазуға болады./

 

       ҮІ кезең Өзара әрекеттестік  рефлексиясы

/Оқушы осы технологиямен жұмыс жүргізу барысындағы өз әрекетіне талдау жасайды./

Мұғалім:

- Өз көңіл күйіңді айтып бер.

Оқушы:

- ... .

ШЫНДЫҚ

СЕНІМ

ДОСТЫҚ

ЖАУАПКЕРШІЛІК

КӨМЕК

ТӨЗІМ

 

КЕШІРІМ

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38.5 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 182

Похожие материалы