Тренинг "Стреске қарсы жаттығулар"
Предмет: | Школьному психологу |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Байкенжина Динара Сагатовна
|
Тақырыбы: Стреске қарсы жаттығулар
Мақсаты: жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Түрі: тренинг
Жаттығу. «Менің көңіл-күйімнің түсі»
Тренинг басында қатысушыларға түрлі-түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды. Тренинг соңында дәл осындай түрлі-түсті парақ тағы да беріледі және тренингке неше адамның қандай көңіл-күймен келгендігі және тренинг соңында қандай күйде екендігі анықталады.
Жаттығу. «Менің атым және қасиетім»
Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір-біріне допты немесе ойыншық беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады: әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.
Жүргізуші жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушылардың қасиеттерінің бір-біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.
Жаттығу. «Менің мекен-жайым»
Қатысушылар өздерінің мекен-жайын бірдей айтады, әркім өзінің мекен-жайын басқалардың барлығы еститіндей етіп даусын шығарып айтуы керек, содан кейін жүргізуші бөлменің соңында отырған адамның мекен-жайын қайталауын сұрайды.
Тест. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.
Иә/ Кейде/ Жоқ
1.Мен өзімді бақытты сезінемін
0 1 2
2. Мен өзімді бақытты ете аламын.
0 1 2
3. Мені шарасыздық сезімі мазалайды.
2 1 0
4. Мен стрестік ситуацияларда дәрі-дәрмек пен алкогольдің көмегінсіз өз-өзіме келе аламын.
0 1 2
5. Егер мен өте қатты стресс алсам, міндетті түрде маманның көмегіне жүгінер едім.
0 1 2
6. Мен қайғыруға бейіммін.
2 1 0
7. Менің кейде басқа біреу болғым келеді.
2 1 0
8. Мен кейде басқа жерде болғым келеді.
2 1 0
9. Менің көңіл-күйім тез түседі.
2 1 0
Тесттің кілті
0 – 3 ұпай. Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз.
4 – 7 ұпай. Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.
8 және одан жоғары ұпай. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе, онда сізге стресс жағдайында көмектесетін әдістерді тиімді пайдаланудыүйрену қажет.
Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
А – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е – қалқанша безге әсер етеді;
И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
О – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
У – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
М – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
Х – ағзаның тазаруына көмектеседі;
ХА – көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
ЖАРЫҚТАР
Сіздің эмоционалдық жағдайыңыз
Тесттің кілті
Қорытынды. Көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе ауыл сыртына шығып айқайлаңыз. Бұндай адекватты емес әрекеттер адамды стрестен құтқаруға көмектеседі. Табиғат аясына шығып демалыңыз. Табиғаттың түрлі құбылыстарын тамашалаңыз.
· Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгімелесіңіз. Бұл қарапайым ғана нәрсе, солай емес пе? Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті, ал күлімдегенде беттегі 14 бұлшық ет жұмыс істейді екен. Еске түсіріңіз: күлімдеу, бұл сіздің басқалардан байқайтын бірінші нәрсеңіз.
З.Зиглар «Жетістікке жету»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 72.56 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |