Түркия

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пән: Дүние жүзі тарихы Сынып: 9 Сабақтың тақырыбы: §16. Түркия Сабақтың мақсаты: ? Білімділік: 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету; ? Дамытушылық: Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру; ? Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Көрнекілік:карта, сызбалар, бейнематериал. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі · Амандасу · Оқу құралын тексеріп түгелдеу · Оқушылар зейінін сабаққа аудару «Тарих рецеппен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт сол» деп тарихшы Е.Бекмаханов айтқандай сіздер тарих сабағына келдіңіздер! Саламатсыздар! Балалар «тарих» дегенде не айтқыларың келеді? Í Тарихтың қай кезеңіндеміз? Í Қазіргі дүниежүзі тарихы нешеге бөлінеді? Í 2001 жылы АҚШ-та теракті болды. Бұл терактіні АҚШ кімнен көрді? Í Ал Ауғанстан мен Иран туралы не білеміз? Өткен сабақта өтілген Ауғанстан мен Иранның 1918-1939 жылдар аралығындағы тарихын білу мақсатында Пресс конференция ұйымдастырғалы отырмын. Баспасөз конф-циясының қонақтары төмендегі ғалымдар мен тарихшылар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.59 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 120

Похожие материалы