Тіршілік үшін күрес,оның себептері мен түрлері 9 класс

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы

М.О.Әуезов атындағы

жалпы білім беретін № 6 орта мектептің

Биология пәні мұғалімі

Сыныбы 9 «А»

Пәні Биология

Пән мұғалімі Сейтимбетова Б.А.

Өтілетін орны № 210 каб.

Сабақтың тақырыбы: §23 Тіршілік үшін күрес,оның себептері мен түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға «тіршілік үшін күрестің үш түрін және

оның ішіндегі ең бастысы - түрішілік күрес деп,қалған

екеуін соны күшейте түсетіндігін мысал келтіру арқылы

түсіндіру.

Дамытушылық : сын тұрғысынан ойлау технологисының элементтерін

пайдалана отырып , оқушылардың жеке тұлғасын

жан-жақты дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін арттыру,

оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,

өз-өзіне сенімділікке,ізденпаздыққа табиғатты аялауға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі түрде баяндау,тірек-сызба нұсқа әдісі. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнетаспа, сызбанұсқалар. Пән аралық байланыс: әдебиет,эволюция негіздері,жаратылыстану. Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушылармен амандасып, түгелдеп,сынып оқушыларын сабаққа

психологиялық дайындау.

б) мақсат қоя отырып, сабақтың эпиграфымен таныстыру

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тіршілік үшін күрестің үш түрін және оның ішіндегі ең бастысы - түрішілік күрес деп,қалған екеуін соны күшейте түсетіндігін мысал келтіру арқылы түсіндіру.

мақсат қоя отырып, сабақтың эпиграфымен таныстыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

«Жан қиналмай жұмыс бітпес,

талап қылмай мұратқа жетпес» сұрақ-жауап әдісі.

ІІІ. Үй жұмысын бекіту

«Сен білесің бе?» танымдық ойын көмегімен үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

«Білгенге маржан» баяндау, сипаттау, салыстыру, түйіндеу.

Төмендегі слайдтардың көмегімен сабақ түсіндірілді

Тіршілік үшін күрес

Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:

1. Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі;

2. Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.

«Күрес» ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн. Дәстүр бойынша тіршілік үшін күрес 3 түрге белінеді. Олар: түрішілік, түраралық күрес және абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес.

1 слайд

2 слайд

Түрішілік күрес

Күрестің бұл формасы бір түр дарақтарының арасында өтеді. Мұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі; қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады. Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма, оның барысында көбінесе дарақтар өледі.

3 слайд

Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді. Көп ұрпақ беретін андардың (тышқандар, иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады. Бұл ұрықтық деңгейден-ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді. Сөйтіп қоректік заттарды мол пайдаланатын, дамуы тезірек жүретін күішктердің дені сау, күштірек болады да бірінші болып тууға мүмкіндігі көбірек болады. Туу соңынан бәсекелестік үдерісі күшейе түседі.

4 слайд

Бір ұядағы балапандар ата-енесі әкелген қорек үшін бәсекелеседі. Жануарлардың бір жұбында бір маусымда ұрпақтары неғұрлым көп болса, олардың арасында тіршілік үшін түрішілік күрес соғұрлым күштірек болады. Мәселен, теңіз шошқасының ұяластарындағы елім-жітім мөлшерінің өте кеп болуы туған күшіктер санының көптігіне төуелді болатыны байқалған. Дамудың мұндай тетігі ұрпақ тығыздығын тежейді.

5 слайд

Туған дарақтар саны

2

3

4

5

6

Өлім-жітім %-ы

22%

27%

38%

45%

70%

Мұндай жағдай жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де бар.

Мәселен, өсімдіктің бір түрінің тұқымын бірдей мөлшерлі үлескіде өсіруге сынақтәжірибе қойылған. Егілген тұқымның саны мен сапасы (өнгіштігі) бірдей, бірақ топырақ типтерінде айырмашылық болған. Тыңайтылған топырақтағылардың өлім-жітімі 16,5% болған. Ал құнарлы заттарға байытылмаған, тыңайтылмаған топырақтағылардың өлім-жітімі 36%-ға жеткен. Өскіндер биіктігінде де айырмашылық байқалған. Тыңайтылған топырақта өскін биіктігі орташа мөлшерден 40-50% жоғары болды. Осындай сынақтәжірибеден түрішілік бәсекелестік қатал болады деп қорытынды жасауға болады. Дәл сол аумақта бір түрдің дарақтар саны көбірек болса, күрес күштірек және өлім-жітім соғұрлым жоғары болады.

Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады. Олар:

1. қорек үшін,

2. жыныстас әріптесі үшін,

3. аумақ үшін күрес.

6 слайд

Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес, әсіресе өздігінен тозанданатын түрлерде шартты сипатта болады.

Бұдан басқа бүкіл түрішілік және тұраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады. Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары (әтештер, қоңыздар, иттер, мысықтар, морждар) аналықты иелену үшін қақтығысжарысқа түседі. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетіспесе (шортандар) немесе өзге себептер әрекетінен (арыстандар тұрақты топ жетекшісі ауысқан кезде) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтар мен күшіктерді жейді.

7 слайд

Жанама күресте ашық соқтығыс болмайды. Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсекелеседі. Ұялау орнына орналасқан кезде жыл құстарында ашық қақтығыстың болмауы да мүмкін. Алайда ең «шапшаңдары», яғни қыстаудан ерте оралғандары жақсы үлескілерді бәрібір иемденеді. Өсімдіктерде болатын түрішілік жанама күреске көбірек мысалдар келтіруге болады. Мәселен, жеңіл тозаңды көбірек өндіретін, желмен тозанданатын түрлердің дарақтары тозаңы жеткіліксіз өскен өз туыстастарын көбеюден ығыстырады. Ал бунақденелілер өздерін күшті еліктіре алатын гүлдерге тозаңды көбірек тасымалдайды.

8слайд

Алайда тіршілік үшін күресте «оңай кездейсоқтық» болатынын атап айтқан жөн. Мысалы, барынша бейімделген дарақтар айқасу кезінде өлуі.

Кездейсоқ жагдайлардың болуы мүмкін. Мысалы, орман өртінің дәл ортасында қалған жануарлар қашып үлгіре алмағандықтан, міндетті түрде өледі. Оларға қарағанда, бейімділігі төмен болса да, өрт ортасынан едәуір қашықтағылар құтылып кетеді. Адамның қатысуы негізгі рөл атқарады. Аңшы ең ірі, дені сау анды атуға, өсімдік жинаушы ең ірі өсімдіктерді жұлып алуға тырысады ғой. Солай болғанмен де бұл ерекшеліктердің барлығы «тіршілік үшін күресте жаксы бейімделе алғандар тірі қалады» деген қағидадан тыс қалмайды.

9 слайд

Түраралық күрес

Түраралық күрес - бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. «Жыртқыш - олжа», яғни «қоян - қасқыр» немесе «мысық - тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Бұған «паразит - ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы, саваннадағыкиіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда (мысалы,қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар (мысалы, жоңышқа және жатаған бидайық) бәсекелеседі. Жақын туыстас түрлер немесе жыртқыштар және олжалар арасындағыдай ұқсас жағдайларға мұқтаж түрлер арасында тіршілік үшін күрес күштірек жүреді деп есептеу мақұлданған.

10 слайд

Абиоздық факторлармен - өлі табиғатпен күрес

Тіршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Бұл, мысалы, табиғи апатта (тасқын, ерте үсік жүру, қар жауудын, ұзаққа созылуы, жанартау газдарының шығуы және т. б.) тірі қалу үшін күрес; таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу; маусымдық өзгерістерге (жапырақтардың түсуі, қысқы ұйқы немесе үлбір ауыстыру - түлеу) ұзақ бейімделу; топырақтың азуы (истощение) немесе қандай болса да бір элементтердің артық мөлшерде болуы; ылғалдылықтың артықтығы немесе жетімсіздігі және көптеген өзге өзгерістерге бейімделу.

11 слайд

Сонымен тіршілік үшін күрес барысында:

1. орта жағдайларына жақсы бейімделген дарақтар тірі қалады және ұрпақ қалдырады;

2. әсіресе түрішілік күрес күштірек өтеді, ал қалған екі форма көбінесе соны күшейте түседі.

3. қолайсыз белгілері бар дарақтардың барлығы мүлде жойылып кетпейді. Кездейсоқтықтың нәтижесінде олардың бір бөлігі бәрібір сақталып, саны аз ұрпақ қалдырады;

4. тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталуға жеткізеді

12 слайд

V. Жаңа сабақты бекіту

13 слайд

«Кім жылдам?»сұрақ-жауап, биологиялық диктант, « суреттер сөйлейді»

ойыны ойнала отырып жаңа сабақты бекіту.

14слайд « Суреттер сөйлейді» жаңа сабақты бекіту

15 слайд Биологиялық диктант

VI. Қорытындылау

« Білім кілті танымдылықта» мұғалім сабақты қорытындылайды.

17 слайд

VII. Үйге тапсырма беру

§ 26 Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері

тақырыпты оқу, тест тапсырмасын құрастыру, интернеттен қосымша материалдар біліп келу

18 слайд

VIII. Бағалау.

«Еңбегіңе қарай жемісің»

оқушыларды бағалау парағының көмегімен бағалау

19 слайд

« Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»

үй тапсырмасы

«Сен білесің бе?» сұрақтарға жауап

«Білім минуты»

Биологиялық диктант

Кім жылдам?

Суреттер сөйлейді

«Білім кілті танымдылықта»

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.13 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 188

Похожие материалы