Төрт түлік малды қастерле.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аккожина Асемгуль Бахытовна
|
Тақырыбы:Төрт түлік малды қастерле.
Мақсаты:
· Балаларды төрт түлік малдың қазақша атауларымен таныстыру.
· Төр түлік малды «пайдалы» және «зиянды» етіп екіге бөлмей, оларға сауаттылықпен қарауға, олардан қолдан келген көмекті аямауға үйрету.
· Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын байыту (тақпақ, жұмбақ арқылы).
· Төрт түлік малдың айырмашылығын, сүтінің, жүнінің пайдалылығын айтып өту.
Сабаққа қолданатын құралдар - жабдықтар:
· Сурет «Жайлауда»
· Сандық
· Төрт түліктің суреттері, ойыншықтар
· Сурет салатын қағаз, түрлі түсті бояу, қылқалам.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемнің қай айы?
Бүгін аптаның қай күні?
Кеше аптаның қай күні болды?
Ертең аптаның қай күні?
Жаңа сабақ:
Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіндер, айтып беріндерші?
Бүгінгі сабақта біз үй жануарларының қазақша атауларымен танысамыз. Қазақ тілінде осы үй жануарларын «Төрт түлік мал» деп атайды.
Мұғалім жануарлардың суретін көрсетіп, балаларды олармен таныстырады .
Мынау - қой.
Мынау - қозы.
Мынау - сиыр.
Мынау – бұзау.
Мынау – жылқы.
Мынау - құлын.
Мынау – түйе.
Мынау – бота.
Дидактикалық ойын: «Кімнің дауысы?»
Мұғалім төрт түлік малдың дауысына ұқсатып дыбыс береді. Балалар қандай малдың дауысы екенін тауып, қазақша айтады.
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы сандықша».
Ойынның шарты: Мұғалім сиқырлы сандықшаны көрсетіп, оның қалай ашылатынын түсіндіреді. Сандық тек қана жұмбақтың шешуін дұрыс тауып және жауабын қазақ тілінде бергенде ғана ашылады. Шешімі дұрыс және қазақ тілінде айтылғанннан кейін, сандық ашылып, ішінен «Төрт - түлік» мал бейнеленеген ойыншықтар шығады.
Жұмбақтар.
1. Кішкене ғана боый бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2. Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (түйе)
1. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқасы бар. (сиыр).
Сергіту сәті.
Суретпен жұмыс. « Жайлауда».
Балалардың қойылған сұрақтарға толық жауап берулері.
Мысалы: Сиыр не дейді?
Сиыр не береді?
Жылқы не істейді?
Жылқы не береді?
Жылқының сүтінен жасалатын сусын - қымыз деп аталады. Қымыздың көптеген емдік қасиеттері бар.
Түйе де бізге сүт береді. Оның сүті - шұбат деп аталады. Оның жүнінің де емдік қасиеті бар.
Мұғалім:
Қазір, балалар біз «төрт – түлік» малдың балаларын сүюі туралы өлең естиміз.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» - деп.
Ештеңені білмейтін «момыным» - деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» – деп.
Қараңғыда баспаған «қорқағым» - деп.
Түйе сүйеді баласын, «боташым» – деп.
Жаудыраған көзіңнен «тоташым» – деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» – деп.
Тастан тасқа секірген «шұнағым» – деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» - деп
Тұлпар болып жүгірген «жұрыным» деп.
Сурет салу:
Балалардың жайлаудан көрген «төрт түлік» малды, табиғат көрінісін сурет арқылы бейнелеулері.
Мұғалім балалардың салған суреттерін мадақтап, талдау жасап сабақты қорытындылайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.54 Mb |
Количество скачиваний: | 15 |