Тәуелсіз-ел тұрағым сценарий сценарий

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Тәуелсіз  ел тірегі –білімді ұрпақ»

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа қазақ елінің ұлан-байтақ жерін, мол байлығы бар елінің, дархан халқы екенін түсіндіріп, оны мақтан етуді үйрету. Оқушылардың шығармашылық қабілетін , белсенділіктерін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Өз Отанына патриоттық сезімдерін арттыру, мемлекеттік рәміздерді қорғауға, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз халқының ерлікке толы өткен тарихына зор құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әуен ойнап тұрады, ортаға жалаумен балалар  шығады.      Қазақстан          Республикасының     әнұрыны орындалады.

 Жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар.  Бүгінгі тәуелсіздік  күніне  орай «Тәуелсіз  ел тірегі –білімді ұрпақ»  атты  концерттік бағдарламасына  қош келіпсіздер.Осындай     мерекеде    баршаңыз бақытты өмір сүріңіз, Отан сүйгіш азаматтары болындар.

      -  Мынау не ? (ту)

 -  Мына туда қандай түс бейнеленген  (көк) Бұл көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Мынау ортадағы нелер? (күн) Бұл күннің суреті аспанымыз жарық болсын дегенді білдіреді, ал мынау не? (қыран құс) Ал қыран құс тәуелсіздікті білдіреді. Мынау жанындағы  (ою) Бұл халқымызыдң шеберлігін білдіреді. Мынау не? (елтаңба) Ортасында тұрған не ?(шаңырақ) Дұрыс айтасыңдар Бұл елімізідң алтын белгісі екен. Ал мынау төбесінде тұрған (жұлдыз) Бұл маңдайымыз жарқырасың, бағымыз ашылсын. Мынау қос арғымақ Бұл балалар бірлікті білдіреді.

Енді қалаларға назар аударайық. Мынау Қызылорда, ал мынау Ақтөбе қаласы, мынау Көкшетау,Қостанай қаласы Алматы қаласы, Астана қаласы, Атырау қаласы.

Балалар біздің ел қай ел? (Қазақстан) Дұрыс айтасыңдар. Біздң президентіміз кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Отан туралы өздерімізідң  тақпақтарымызды айтайық.

Дамир               Құт даламыз-асыл ән,

                  Қараймын да тасынам.

                 Қазақстан картасы

                 Құшақтай кең ашылған

Жазира            Туған жердің жырларын

                 Қызғалдақтай терейік,

                 Кең өлкенің қырларын

                 Жүр, аралап келейік!

Жансая           Отан деген-атамекен,

                Отан деген-туған жер.

                Отан-ана,

                Отан-үлкен

               Қазақстан-туған ел!

Назира            Алтын дәнді даласы бар,

              Ақ күмістей қаласы бар,

               Неткен сұлу, неткен көркем

              Осы менің туған өлкем

Әмина           Отан-сенің ата-анаң

               Отан-досың,бауырың,

               Отан-өлкең, астанаң

               Отан-аудан ауылың.

Диас                     Мен-қазақ, қазапың деп мақтанамын,

                          Ұранға алаш деген атты аламын.

                         Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

                         Мен неге қазақтықтан сақтанамын

Саят                   Тәуелсіз-мен білсем,

                          Той мейрамнан басқалау

                          Ел мен жердің байлығын

                         Төгіп- шашпау, ластамау.

Әнуар                   Сарыарқаның даласында,

                         Күн шуағын төккен күн.

                         Елім менің, жерім менің,

                         Баққа қолы жеткен күн.

Еркеназ                                 Мағыналы, сымбатты

                         Бар осындай белгіміз-

                        Маған, саған қымбатты

                        Елтаңбасы ол-еліміз!

   Жаннұр                   Отан-менің тілім,

                         Отан-алар білім

                         Отан-барлық жақыным,

                         Осы менің жырым.

 Әсем                      Көк айна көлім бар,

                         Кең жайлау жерім бар.

                        Еңбегі еленген

                        Атақты ерім бар

Әсемгүл                Отанды

                        Жас, кәріміз де,

                       Туған жер деп сүйеміз,

                        Өйткені онда бәріміз де      

                        Туып, өмір сүреміз.

 

   Отанды әркім анасындай

        Қастерлейді, бағалап.

        Өйткені, отан баласындай

        Бізід өсірер аялап.

 Енді әнімізді шырқайық «Әрқашан күн сөнбесің»

Ойын: « Сұрақ-жауап»

- Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?

        -Отан туралы қандай  мақал-мәтелдерді білесіңдер?

      -Тұңғыш қазақ ғарышкері

      -Желтоқсан көтерілісінде қатысқан жастардың аттары

Тәрбиеші: Әсем кештің ажары

                 Әсем бисіз кіре ме?

                Кіп-кішкентай бишілер

                Мың бұрала билейді – деп «Қарлығаш» биін қабыл алыңыздар

Би «Қарлығаш»

Ән «Сарыжайлау» Жазираның орындауында әнін қабыл алыңыздар.

Би «Қара жорға»

Ойын «Арқан тартыс»

Енді балалар тағы ойын ойнайық.Қазір бізідң ержүрек азаматтарымызды қаңшалықты мықты екенін көреміз . Ойынның шартын түсіндіремін.

     Әншілер мен бишілер

     Өнер сүйіп қауымға

    Таң қалдырар талантты

            Өнерлі балаларымыз тағы бар

           «Цыған» биін қабыл алыңыздар!

                    Тал шыбықтай бұралған

             Қазағымның қыздары-ай

            Сүйсіндірген биімен

            Өнерлі ғой қыздар –ай - деп «Матрешка» биін тамашалаңыздар!

Би «Матрешка»

             Құрметті ата-аналар! Осындай отан сүйгіш патриоттарымыз көп болсын.Қатысқандарыңызға көп көп рахмет ,аман сау болыңыздар.Енді балалар сендердің барлықтарың керемет қатысқандары үшін сендерге сыйлық беремін.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 46.37 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 189

Похожие материалы