"Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері" атты еске алу кеші

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Кітап көрмесі. Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан ызғары – жүректерде із қалды», «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері, «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.  
Жүргізушілері: Андыз   бен Бауыржан.

Жүргізуші:      Құрметті ұстаздар, студенттер, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздіктіңқасиетті белгілері» атты кездесу кешін ашық деп жариялаймыз. Қазақстан гимні орындалсын!

Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздыңәрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты  түрде аталып өтілді. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 52.9 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 91

Похожие материалы