Урок географии для 10 класса по теме «Политическая карта мира»
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдыгужина Лейля Базкеновна
|
"Выдержка из материала:
Ең алдымен мұғалім балалардың орындаған сөзжұмбақтарды жинап алып, тексереді. Соның бір-екеуін балаларға таратып беріп, білімдерін тексереді. Балалар орындаған сөзжұмбақтарын жинап көрсетеді. Сосын балалар бұл сөзжұмбақтарын топ болып шешеді, сөйтіп білімдерін бекітеді.
ІІІ Ең алдымен, мұғалім балалардан саяси география және саяси карта дегеніміз не деген сұрақтарды қояды.
Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945), Филиппин (1946), Үндістан (1947), Бирма (қазіргі Мьянма 1948), Цейлон (қазіргі Шри-Ланка 1948) тәуелсіздігін алды. 1948 ж Корея бөлініп, 38 с.е. бойымен сызықтың солтүстігінде КХДР, оңтүстігінде Корея Республикасы пайда болды. Осы жылы БҰҰ шешімімен Израиль мемлекеті қалыптасты. 1949 ж Қытайда мемлекет құрылымын өзгертіп, Қытай Халқы Республикасы жарияланды.
Ал саяси карта деген барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген карта дейді. Одан кейін саяси картаның қалыптасу кезеңдерін жазып алады және мұғаліммен бірге сабақты талдай бастайды.
20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктері негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкстан Ислам Республикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт т.б.) пайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуық мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды.
Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерістер 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. 1989-1990ж Болгария, ГДР, Румыния, Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерістер болды. Нәтижесінде 1993ж Чехия мен Словакия Республикалары пайда болды. 1990ж ГДР мен ФРГ қайта бірікті. 1991Ж КСРО ыдырап, 15 республика өз тәуелсіздігін жариялады. ЮФРО-ң ыдырауы салдарынан Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцогивина, Югославия пайда болды.
ІV Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Саяси картада не бейнеленеді? Оның өзгерістеріне қандай факторлар себепші болады?
2. Дүие жүзінің саяси картаның қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды?
1. Саяси картада барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген. Оның өзгерістеріне әр түрлі деңгейдегі соғыстар, елдің тәуелсіздігінен айырылуы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы т.б.
2. 1-ші д.ж.соғыста, Қазан революциясы, 20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктерінің айыруы, 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 29.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |