Урок казахского языка 11 класс «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Кудеева Ирина Васильевна
Здесь была ссылка на работу Урок казахского языка 11 класс «Компьютердің пайдасы мен зияны» автора Кудеева Ирина Васильевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
11-сынып Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны Сабақтың мақсаты: Білімділік: Интернет жүйесі туралы жан-жақты мағлумат беру, қазақ тілінде дұрыс айтуға дағдыландыру. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету,сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: заман талабына сай жан-жақты, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: кестелер,тірек сызбалар, таратпалар. Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, информатика,ағылшын тілі. Сабақтың барысы: Сабақ мультимедиялық кабинетте өткізілді. І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Түгендеу.Оқушыларды сабаққа бейімдеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. ІІІ.Мақсат қою кезеңі. Сабақ мақсатымен таныстыру. ҮІ.Жаңа сабақ. - Біз сіздермен интернет сөзіне байланысты «Интернет жүйесі» деп аталатын мәтінмен танысамыз. Ол үшін «Жанұя» ойынын ойнаймыз. - Жанұя деген сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушыларды үш топқа жанұяға бөлемін) - Мәтінмен жұмыс істеу үшін жұмыс тобын құрып алуымыз керек. Ол үшін мен сіздерді нөмірлеймін (1,2,3,4). Бірінші нөмерлі оқушылар №1 жұмыс үстеліне, екінші нөмірлі оқушылар №2 жұмыс үстеліне, үшінші нөмірдегілер №3 жұмыс үстеліне, төртінші нөмірдегілер №4 жұмыс үстеліне жиналып, мәтіннің бөліктерімен жұмыс істейді.Содан кейін қайтадан өз жанұяларына келіп, бір-біріне түсіндіреді, толық мәтін жинайды,жанұяның бір мүшесі мәтінді қорғайды.