Урок на тему "Where is the bag"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Where is the bag? – Сөмкем қайда?

Мақсаты: өткен тақырыпты бекіту.

Міндеті: оқу дағдыларын, мәтінді контексте түсіну, тыңдалым дағдыларын дамыту; дайын тіркестерді пайдалана отырып, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру;

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

2. Фонетикалық жаттығу. Әдістемелік құралдағы «Фонетикалық идеялар топтамасын» қараңыз.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Оқулық және жұмыс дәптері бойынша жұмыс жүргізу. Жаңа тақырып.

«Magic English» еліне саяхатты жалғастырамыз: «Let`s go!»

1-жаттығу. Балалар оқулықтағы суреттерді көрсету және «Балалар не жасырды және қайда жасырды?» деген оқиғаны тыңдату. Оқушылар барлық назарын тыңдауға бөліп алаңдамаулары үшін, сұрақты тыңдатардың алдында қою қажет.

Оқулықтағы суреттер оқушылардың есінде қалған таныс емес сөздердің немесе жалпы сөздердің мағынасын табуға және ол оқиғада не болғанын түсінуге көмектеседі. Екінші рет тыңдау кезінде әрбір сөйлемнен кейін тоқтап, балаларға тіркестерді хормен қайталауға мүмкіндік береді. Оқушылардың оқиғаны жаттап алып, рөлге бөліп ойнағандары дұрыс.

2- жаттығу оқушылардың мәтінді қалай түсінетіндігін айқындауға бағытталған тапсырмаларды ұсынады. Сонымен бірге, суреттерге сүйене отырып бір немесе өзге сөздердің мағынасын түсінуге көмектеседі.

Жұмыс дәптеріндегі 1-ші және 3-ші жаттығуларды үйде орындауға болады.

2-жаттығуда берілген сұрақтарды оқушылар мағынасы жағынан дұрыс келетін жауаптармен байланыстыруы тиіс. Осы жаттығуды орындағанда балаларға көмек керек болатынын ескертіңіз.

5. Тыңдалым.

Тыңдауға арналған жаттығу мәтіні.

Track 42 Ex.1

Әлібек: -Let`s hide Anar`s bag!

Анар:-I`ve got an apple. It`s in my bag.

-Where is my bag?

- Is it under the chair? No, it isn`t

- Is it here? No, it isn`t

- Hey, boys! Where is my bag?

- Is it under the teacher`s table?

- Oh, yes! It is here!

- Are the boys good?

Қыздар: - No, they aren`t.

6. Сергіту сәті.

Hands up! Clap! Clap! Clap!

Hands down! Shake! Shake! Shake!

Hands on hips! Jump! Jump! Jump!

Hop! Hop! Hop! Stop! Stand still! (2 рет)

7. Үй тапсырмасы.

8. Сабақты қорытындылау.

Балалар сабақта есте сақтаған сөз тіркестерін қайталайды. Егер сөз тіркестерін түгел айта алмаса, естеріне салып қайталаиу керек.

Балалармен қоштасыңыз. Олар да сізбен ағылшын тілінде қоштассын «See you next time».

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.11 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 121

Похожие материалы