Урок по информатике «MS Word мәтіндік редакторы»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

MS Word мәтіндік редакторы тақырыбында құрылған сабақ жоспары.

Осы бағдарлама туралы білген білім, біліктерін бақылау мақсатында құрылды. Өз бетінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсаты көзделген. Сабақтың бірінші кезеңінде «Сиқырлы сандықша» ойыны ойнатылады, яғни бұл сандықша сұрақтармен толтырылған.

MS Word мәтіндік редакторы бойынша 1 ұпайлық деңгейде, 4 ұпайлық деңгейде, 5 ұпайлық деңгейдегі тапсырмалар берілген. Сандықшадан сұрақтар алып, сол бойынша жауап береді. Әр деңгейлік тапсырмада 10 сұрақтан берілген. Келесі кезеңде компьютермен жұмыс, яғни практикалық тапсырма. Бұнда 8 тапсырма берілген. Әр тапсырмада оқушы өз бетінше эсселер, әңгімелер жазады және оны әр түрлі түрде пішімдер қолданады. Сабақтың соңында белсенді оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, ребус, қызықты сұрақтар құрастырып келу.

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім іскерлік дағдыларын дамыту.

Сабақтың міндеті: 

білімділік: 

  • MS Word мәтіндік редакторы бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау;
  • оқушылардың перенелердің қызметтері туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту;
  • MS Word мәтіндік редакторы бойынша алған білім, білік, дағдаларын бақылау;

дамытушылық:

  • Оқушылардың логикалық ойлауын дамытады – қолда бар ақпаратты пайдалана білу мен маңыздысын іріктеп алу білігін дамытады;
  • өзбетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  • ой-қиялын дамыту

тәрбиелік:

  • ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, білу қажеттілігін тудыру;
  • тәртіптілікті тәрбиелеу;
  • алға жетелеуші бәсекелестікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру;
  • оқушылардың компьютерде жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігінің ережелерін ұстану арқылы денсаулыққа кері әсер ететін жақтарын болдырмауға деген ұмтылыстарын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: білімді дамыту мен тексеру сабағы.

ІІ. Компьютермен практикалық жұмыс тапсырмалары:

1. MS Word мәтіндік редакторында «Қыс» тақырыбында мәтін жаз және оның әрбір жолын түрлі түспен әсемде. 

2. MS Word мәтіндік редакторында сурет кірістір, суретке байланысты мәтін жаз. 

3. Мәтінді тер және оны көбейту әрекетін орында. Көшірілген үзінділерді басқа түспен ерекшеле. 

4. «Менің жолдастарым» тақырыбында әңгіме жаз және оны әр жолдасыңның атын түрлі түспен боя, астын сызу әрекетін орында.

5. Әріп өлшемін 16-ға тең деп алып, Абай өлеңінің бір шумағын жаз және жазылған мәтінді жұмыс бетінің ортасына қой.

6. «Кітап – білім бұлағы» мақалын жолдың ортасына әріп өлшемін 22-ге тең етіп алып орналастыр.

7. Төмендегі жұмбақты теріп жаз, жұмбақтың жауабына байланысты суретті кірістір және өз құжатыңда сақта.Айдалада ақ отау,Аузы-мұрны жоқ отау.

8. Бір шумақ өлең жаз және оның екінші, төртінші жолдарын көбейту әрекетін орында. Әр жолды түрлі түспен әсемде. 

Қорытынды: ең белсенді ойыншыларды және практикалық жұмыс бойынша оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, ребус, қызықты сұрақтар дайындап келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 144

Похожие материалы