Урок по информатике на тему "Компьютерлік графика түрлері"

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пән мұғалімі: Жетписбаева Гульнур Нурсултановна

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
  2. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
  3. Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен ақпаратты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау. Мәтінмен жұмыс

4.Ой қорыту. Сабақты бекіту

5.Компьютермен жұмыс.

6. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары.

  1. Қандай операциялық жүйелерді білесің?
  2. WordPad программасын қалай іске қосады?
  3. Алгоритм дегеніміз не?
  4. Компьютер деген не?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика

Бұл ең бірінші пайда болған бағыт.

Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады.

Іскерлік графика

Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі

мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді – осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады.


Көркемдік графика

Графикалық кескін жасау және редакциялау

үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер,

бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады

ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА

ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА

Фракталдықграфика

Векторлық графика

Растрлық графика

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер

СorelDRAW, Adobe illustrator секілді

векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады .

Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel Photo Paint


IІІ. Сабақты бекіту

І тапсырма

ІІ тапсырма

ІІІ тапсырма

Бүгінгі сабаққа қатысы бар сөзді тауып сызыңыздар!

В

П

Л

Ь

А

Д

ПИКСЕЛЬ ТОЧКА ТҮС

ГРАФИКА ВЕКТОР ОЙЫН

РАСТР ФОТО ФОРМУЛА

РЕНТГЕН

Ж

Е

И

Е

Ч

К

Н

Т

К

К

С

О

Р

Е

Ү

Т

А

П

Т

Е

Г

С

О

Й

Н

Н

Н

Т

А

Р

А

Т

Ы

О

Ф

Л

Р

С

О

Й

Т

О

У

Б

Т

Р

Ф

О

Р

М

ІV. Бағалау

V. Үйге тапсырма: Графика түрлері. Шығу тарихы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 319.09 Kb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 111

Похожие материалы