Урок по казахскому языку для 7 класса «Хайуанаттар әлімінде.Болымсыз етістік»
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Осипова Мансия Умирбаевна
Материал Урок по казахскому языку для 7 класса «Хайуанаттар әлімінде.Болымсыз етістік» автора Осипова Мансия Умирбаевна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Хайуанаттар әлемінде. Болымсыз етістік. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың біімдерін ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Сөздік қорларын тексеру және тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау,практика жүзінде пайдалана білу,дәрежесін қалыптастыру. Етістік,болымды,болымсыз етістік тақырыптарын пысықтау. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тереңдете отырып,ойлау,сын тұрғысынан сөйлеу және жазба қабілеттерін дамыту,оқушылардың таным мүмкіндіктерін талдау,бақылау,салыстыру,жинақтау арқылы анықтау. Тәрбиелік: тақырыптың сырына қызықтыру арқылы жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға қамқорлық жасауға ұмтылдыру. Көрнекілік: эпиграф,суреттер,кесте,мәтін жазылған парақтар. Сабақта қолданылатын әдістер: сұхбат,шығармашылық жұмыс,топпен жұмыс,іздендіру,әңгімелесу Пәнаралық байланыс: биология,география,табиғаттану. Сабақтың эпиграфы: Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйкімді,жанға жақын бір нәрсе бар. Шоқан Уәлиханов. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру. Менің аты-жөнім: Осипова М.У. Бүгін біз сабақта сіздермен грамматикалық тақырып етістік,болымды,болымсыз етістікті қайталаймыз. Хайуанаттар әлеміне шолу жасаймыз. Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не? 2. Қандай сұраққа жауап береді? 3. Қандай түрлері бар? 4. Болымсыз етістік қалай жасалады? 3. Тақтада слайд «Жануарлар әлемінде». Жануарлар атауларын естеріңізге түсіріңіз,қандай жануар атап шық. Осы жануарлардың ішінде қандай жануарлар біздің ауданымызда мекендейді