Урок по казахскому языку на тему: "Қадыр Мырза Әлі Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі"

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні: 29.04.15.

Класы: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі

Мақсаты


Оқушыларды Қадыр Мырза Әлі өмірі мен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.

Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың потриоттық сезімдерін ояту.

Күтілетін нәтижелер


Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих,музыка.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Керекті жабдықтар


Оқулық, интербелсенді тақта, ватман, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті


Кіріспе




1 мин






3 мин








5мин

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!

Топқа бөлу

Киіз үй,түйе, домбыра суреттері арқылы топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұқағали Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі.

1-топ: Ақынның өмір жолы
2-топ: Ақынның шығармалары
3-топ: «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін жатқа айту.

Оқушыларды жетон арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

1.Мұқағали Мақатаев кім?
2.М.Мақатаев өлең жазумен қатар тағы нелерді жақсы көрген?
3.М.Мақатаевтың лирикалық шығармалары қанша?
4.М.Мақатаев атындағы халықаралық қор қашан құрылды?


Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.74 Mb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 265

Похожие материалы