Урок по казахскому языку на тему: Арал

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы : Арал.

Сабақтың мақсаты:

1 білімділік: тақырып бойынша сөйлей білу; сөздік қорларын молайтып, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету;

2 дамытушылық: әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ойын дамыту үшін өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру; берілген тапсырмаларды өз беттерінше орындауға дағдыландыру

3 тәрбиелік: табиғатқа байланысты айтылған мақал-мәтелдер, тыйым сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, балаларды туған жердің табиғатын қорғауға, Отанын сүюге баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: проблемалық оқыту сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, жаңа сөздермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: презентация

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.

ІІ Тіл дамыту.

-         Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-         Көктем айларын атаңдар.

-         Бүгін наурыздың нешесі? Аптаның қай күні?

Сабақтың мақсаттарын айту.

Оқушы нені білуі тиіс:

·        берілген сөйлемдерге сұрақ қою

·        жаңа сөздерді түсіндіру

Оқушы нені үйренуі қажет:

·        берілген тақырып бойынша сөйлесу

·        мәтіндегі негізгі ойды анықтау

·        тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құру

 

 (Сыныпты 3 топқа бөлемін. Топ жетекшілер әр тапсырмалардың орындауына қарай 3 түрлі карточкалармен бағалайды: «5»-қызыл, «4»-көк, «3»-сары)

ІІІ Жаңа сабақ: Арал.

Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

(Теңіздің дыбыстарын қосу)

-         Балалар тыңдаңдар бұл не? Бұл ненің дыбыстары? Бүгінгі сабақтың тақырыбымыз

қандай? Арал теңізі.

Презентацияны көрсету.

 

Проблемалық сұрақ: Арал теңізінің мәселесі неде?

 

Бұл мәселе бойынша жаңа сөздермен танысайық.

ІV Жаңа сөздермен жұмыс:

Текше шақырым –

Су айдыны –

Сүзек –

Шегініп кеткен –

Теңіз табаны –

Жұқпалы –

Түйткіл –

Қасірет -

V Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді түсініп оқу;

2. Берілген сөйлемдерге сұрақ қою. Тапсырма 245-бет.

3. Айтылым 246-бет. Берілген сөз тіркестерін қазақ тілінде айтыңдар.

       Экологическая проблема, экологическая катастрофа, экологический кризис, воздушный бассейн, мировой экологический кризис, соленый дождь.  

4. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.

VI  Арал теңізінің мәселесі:

1.     Теңіз суы жағадан кейін қарай ондаған шақырымға шегініп, теңіз табаның көптеген жері сусыз қалған.

2.     Жергілікті халықтың арасында қатерлі ісік, сүзек сияқты түрлі жұқпалы аурулар таралуда.

3.     Теңіз табанынан ұшқан аса қауіпті тұзды шаңдарды жел Атлант мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткізгені байқалған.

VІІ  Бекіту кезеңі: Бұл мәселені қалай шешуге болады?

 Мәтіңді пайдаланып, бұл сұраққа жауап беріңдер. 246-бет

1.     Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіләлемдік мәселеге айналып отыр.

2.     Оны сауықтыру бағытында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан Президенттері бірнеше рет кездесті.

3.     Мемлекет басшылары шешімімен Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.

Мұндай мәселелер болмау үшін табиғатты аялау, қорғау керек. Сондықтан мынадай тыйым сөздерді оқып, дәптерлеріне жазыңдар. Есте сақтаңдар.

VІІІ  Тыйым сөздер:

1.     Суды бекер төкпе! Судың да сұрауы бар!

2.     Қарлығаштың ұясын бұзба!

3.     Шөпті жұлмайды, аққуды атпайды.

4.     Жерді теппе елді сөкпе!

5.     Құс жұмыртқасын жарма!

ІХ Қорытындылау:

 

                       Сабақта не істедік? Не білдік?

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.89 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 124

Похожие материалы