Урок повторения раздела "Австралия" в 7 классе на казахском языке

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Урок итоговый, поэтому здесь представлены стратегии критического мышления, диалогового обучения. К нему также прилагается анализ на казахском языке:

Қайталау сабағында диалогтық оқытудың бірнеше әдістерің қолдандым. Топқа бөлгеннен кейін, оқушылар топ басшыларын анықтады. Олар- О.Балнұр, Маржан, Жансая, Гүлназ. Олар топта жұмыс істеген оқушыларға фишкаларды беріп отырады. Сабақтың аяғында санап, бағалау парағын толтырады. Оқушыларға қандай деңгейде географияны білесің деген сұрақ қойып, ағашта орналасқан адамдарда боятқыздым. Еркежан өзін білімге талпынып тұрған адамды бояды.маржан ең жоғарыда тұрған адамды бояды.Ал Талғат ортада тұрған адамды бояды. «Блум түймедағы» стратегиясын пайдаланып оқушыларға көмекші сөздерді беріп, 6 түрлі сұрақ құрғыздырттым. Ол «ыстық орындық» ойынға дайындық ретіңде және сұрақ қоюға шектеу үшін жасатқыздым. Әр топ құрастырған 2 сұрақтан ғана қойып отырады. «Ыстық орындыққа» әр топтан бір баладан шығып отырады - Альмира, Маржан, А.Балнұр, Талғат шықты. Сұрақтардың көбіне жауап берді. Талғат осы жолы белсенді қатысып отырды, сұрақ қойды. Осы жолы, оқушыларға ескерту жасамасамда, олар сұрақтарда кезекпен қойып, отырды. Барлық оқушылар сонымен 1-2 сұрақтан қойды. Ол оқушылардың өз-өзің реттеу үдерісіннің бастауы деп санаймын. «Ыстық орындық» ыстық болдыма ? деп сұрағанда: А.Балнұр мен Гүлназ ия деп жауап берді, ал Маржан жылы болды деді, Альмира – салқын деп айтты.Синквейн құрастырғанда мысал ретіңде Талғатты алдым. Қолпаштау арқылы оның белсенділігін арттырмақшы болдым. Синквейн құрастыру барлық балаларға өте ұнады. 1-ші топ берілген уақытта 2 синквейн құрастырды. Ал 3 топ менен критерийды сұрады! Мен критерийлерді қойған жоқ болатынмын.А3 қағазын толығымен қамту керек пе, бізге критерий бермейсізбе деп сұрады. Өздерің біліндер деп жауап бердім. 3 топ А3 қағазын толығымен қамту үшін, сурет салды. Бағалауда Маржан – 4; Талғат – 4; Еркежан да – 4 фишка жинады.Ұлан үндемейтін, қабілеті төмен бала – 3 фишка жинады, ол да өзгерістің белгісі. Ұлан эксперименттың басталған кезде алған сауалнамада – мен сабақта қасымдағы баламен әнгімелесіп отырғанды жақсы көремін деп жазыпты. Ал енді ол сабақта жұмыс істей бастады! Барлық оқушыларға сабақ қызықты, көңілді өтті де жазды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.51 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 89

Похожие материалы