Ы.Алтынсарин Баланың айласы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қасымбекова Айнұр Ақылбекқызы

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин Баланың айласы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды автордың өмірімен, шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілеттерін, есте сақтауларын дамыту.

Тәрбиелік: сауатты оқуға, таза, ұқыпты жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:үлестірмелер, электронды оқулық және кесте.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру және әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардыңоқу құралдарын түгендеу

ә) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты есек түсіру кезеңі:

а) Сұрақ жауап минуты:

ІІІ. Оқулықпен жұмыс:

«Жақсыдан үйрен»

  1. Берілген мақал – мәтелдерді бағанның оң жағындағы сөздерге мән бере отырып оқы. Мақал – мәтелдің негізгі ойы болып тұрған тіркесті тұсына жаз.

Мақал – мәтелдер

Түйін сөз

1.Басыңа іс түссе,

Жақсы дос көмек етеді,

Жаман дос күліп кетеді.

2.Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

3.Сабыр түбі – сары алтын.

4.Адамдықтың белгісі –

Иіліп сәлем бергені.

5.Өзін – өзі мақтаған,

­Өліммен тең.

6.Іздеген мұратына жетер,

Жалқаудың өмірі босқа өтер.

7.Қарт кісіні қадірле,

Өзің де қарт боларсың.

8.Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеутүгел болса,

Төбедегі келеді.

9.Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.

10. Өнерлініңқолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

11.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

12.Әдепті бала – арлы бала.

Мақтаншақ болмау

Үлкенді сыйлау

Сабырлы болу

Тәрбиелі, өнегелі болу

Адал достық

Кішіпейіл болу

Өнерлі болу

Ананы қадірлеу

Білімді болу

Бірлік, ынтымақ

Талапты болу

Әдептілік

ІҮ. Сызбамен жұмыс:

  1. Бөлімнің қалайаталып тұрғанына мән бер. Жоғарғы түйін сөздерге сүйеніп, тақырыптың мазмұнын аш.

Мақтаншақ

болмауды

  • Осы сызбаны өзің қалай толықтырар едің? Ү. Мәтінмен жұмыс:
  1. Мәтінді түсініп оқы. Ыбырай Алтынсарин Баланың айласы Бір ғалым адам жапан далада келе жатып аяқ астындағы бір үлкен тасқа сүрініп жығылыпты. Бұл тас адамға зиян келтіретінтас екен, жолдан алып тастайын деп ойлады. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынансандық шықты. Сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, ғалымға ұмтылды: «Шағамын» деді. Ғалым айтты: «Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқындықтан жарыққа шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?»Жылан айтты: «Бар». Ғалым айтты: «Олай болса, біреуге жүгінелік, төре саған тисе, шағарсың». Жылан да бұл сөзге тоқтады. Екеуі келе жатып түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, менадамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өзімше қызмет етсем де адам қай уақытта да шамадан тысқары жүк артады, жүре алмасам, ұрып – соғып ренжітеді». Жылан мұны естіп, ғалымның мойнына бір оралды. Мұнан шығып жеміс ағашына келіп жүгінді. Жеміс ағашы: «Жақсылыққа жамандық бар, не үшін десеңіз, менің жемісіммен қанша адам күн көріп, пайдаланып тұрса да, жемісімді жан ауыртпай, қолмен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді». Жылан ғалымның мойнына тағы бір оралады. Одан келіп иткежолығады. Ит те айтады: «Жақсылыққа жамандық бар, мен темнің күні – түні ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, ұрып қуып жіберді». Ғалым айтты: «Енді тағы біреуге жүгінелік, төретағы саған тисе, шаға бер». Содан шығып, ойнап жүрген бір топ балаға келді. Ішіндебір бала ғалымға сәлем береді. Ғалымсәлемін алып, сол балаға істің жайын айтты. Бала естіп болып:
  • Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолыңдағы кіп – кішкентай қобдишағамойныңа үш оралған әйдік жылансыюшы ма еді? – дейді. Сонда жылан айтты: «Бұл сөз рас» деп. Бала: «Тіптен нанбаймын, мен бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмайды», - деді. Сондажылан баланы нандыру үшін барды да,иіріліп манағы қобдишаға кіріп жатты. Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып, бекіттіде, ғалымныңқолына берді: «Апарып, алған орныңызға қойыңыз», - деді. ҮІ. Сөздікпен жұмыс: Төре( төрелік) – бұл жерде шешім. Әйдік – үлкен.
  1. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы сен не білесің ? ҮІІ. Суретпен жұмыс:
  • Берілген сурет әңгімедегі қандай оқтғаны бейнелейді?
  • Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
  1. Мәтіндегі қызыл түспен жазылған сөздерді тауып оқы. ҮІІІ. Үй тапсырмасы: 132 – 133 бет, түсініп оқу және әңгімелеу. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағадлау және мадақтау.

Есмұрат Сиқымов атындағыорта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы

Бастауыш сынып мұғалімі: Қасымбекова Айнұр Ақылбекқызы

2014 – 2015 оқу жылы

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 69 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 178

Похожие материалы