«Ғылым таппай мақтанба» Ана тілі 2-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу, Абайдың ұрпағына, жалпы адамзатқа қалдырған өсиеті толыққанды адам болудағы 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, жаман әдеттен аулақ болып, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу.

Дамытушылығы: Мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік

                                  қорын байыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Абай портреті, тірек сызбалар, плакаттар.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.

-         Армысың,  алтын күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың , жан досым! Жылуыма – жылу қос! Мен менің қолым!

2.Өткен сабақты қорыту. Өткен «Асыл сөз» тарауын тест сұрақтары      арқылы   қорыту.

3.Жаңа сабақ.

 - Оқушылар  бүгін  біз «Асыл сөз»  тарауын  аяқтап, жаңа тарауды бастағалы отырмыз. Бұл тарауды қазақ  халқының ұлы ақыны, ақындардың пайғамбары, қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін  салушы  Абай  атамыздың   өлеңімен бастаймыз.  Ендеше  жаңа  тақырып  «Ғылым  таппай   мақтанба».

 

Автор туралы түсінік беру: Абай 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыс болысында дүниеге келді. Шын есімі Ибрагим. Әжесі еркелетіп Абай деп атаған. Абай 10- 12 жас аралығында мұсылманша оқып хат таныған. 4 жылдық медресе 3 айлық орыс мектебін оқиды. 15 жасында би етіп сайланады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 49.38 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 102

Похожие материалы