Ғылыми жоба Төрт түліктің бірі - сиыр

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Аңдатпа

Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған.

Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 77 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 133

Похожие материалы