Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Таным» білім беру саласы. Экология негіздері.

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер,үйшіктер.

Сабақтың көрнекілігі: жылжымалы тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Балалармен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендегі өлең жолдарын қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген некерек,

Көңілді боп жүрейік.

-Балалар өзіміз айтқан өлең жолдарындағыдай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.

1. Мен сендерге Т.Молдағалиевтің бір өлеңінен үзінді оқып берейін. Сендер мұқият тыңдап өлең не туралы жазылғанын табыңдар.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Қыс.

Қыстың ерекшелігі туралы әңгімелеу.

2. «Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Отырықшы және жыл құстары.

3. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру.

-Ертегіде қандай құстар туралы айтылған? Өздерің құстарға қалай көмектесесіңдер?

Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

4.Жаңылтпаш жаттау.

Тоқ тоқылдақ

Теректі тоқылдатпайды.

5.Балалар өздері білетін жұмбақтарын жасырады.

6. Балалар құстар атына байланысты еркелететін сөздерді айтады: Көгершінім, Балапаным, Бұлбұлым, Сұңқарым, Қараторғайым т.б.

Сабақты қорытындылау: Балалардың білімін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады ?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле ?

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді ?

Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.39 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 154

Похожие материалы