"Үйшік" ертегісі арқылы Ш дыбысын бекіту
Предмет: | Логопедия |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бейсембекова Нина Владимировна
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі арқылы ш дыбысын бекіту.
Мақсаты: «Ш» дыбысын буында , сөз, сөйлем ішінде анық дұрыс айтуды бекіту;
Балаларды зат есімнен жалғау арқылы басқа зат есім түрлерін құрату бейімділіктерін жаттықтыру ; есту зейіндерін, көре отырып есте сақтау қабілетін,қиялдарын ,ақыл-ойын және фонематикалық естулерін ,ұсақ моторикаларын дамыту.Ертегі арқылы балалардың жанашырлық , қамқорлық сезімдерін ояту.
Түзету жұмысы:балаларға Ш дыбысы бар сөздерді дұрыс айтқызуға үйрету.Ш дыбысына байланысты тақпақ,жұмбақтар , ертегі жаттату.
Көрнекілік:Суреттер, айна, слайд , «үйшік»саусақ ертегісі.
Іс-әрекет
кезеңдері
Логопедтің іс-әрекеттері
Балалардың іс-әрекеттері
Мотивациялық
қозғаушылық
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз күндегіден ерекше өтеді.Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, олармен амандасайық.
Балалар сабағымызды бастамас бұрын жылулық шеңберін құрып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.
«Психологиялық сәт»
-Сен тамаша баласың!
-Сен ерекшесің!
-Шуақты болып жүр!
-Үнемі шаттанып жүр!
-Ешқашан көңілің түспесін!
-Шексіз білімің болсын!
-Аспаныңыз ашық болсын!
Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін айтады
Ұйымдастыру
-іздестіру
-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-Үйшік деген сөзде 2-ші буын қай дыбыстан басталып тұр?
-Дұрыс айтасыңдар , бүгін біз Ш дыбысы бар сөздерді көбірек айтамыз, сондықтан Ш дыбысын дұрыс айту үшін тілімізге жаттығу жасап алайық.
Артикуляциялық жаттығулар.
-Слайд арқылы көрсету.
-Кәне,балалар тілдің ат үстінде қалай шапқанын көрсетейік.
«Ат шауып келеді», «Тәтті тосап», «Желкенді қайық», «Кесе»
-Енді балалар «Үйшік» ертегісін саусақ арқылы сахналап берейік.
(Желдің дыбысы шығады)
-Балалар бұл ненің дыбысы?
-Дұрыс айтасыңдар.
Демалу гимнастика жаттығулары:
-Орманда қатты жел тұрды
-Жел қалай соғады?
(Терең дем аламыз шығарғанда үстел үстіндегі урме бұршақтарға үрлейміз. Бұршақтар алға қарай ұшу керек ).
-Балалар желдің қатты соққаны соншалық , үйшік ертегісінің кейіпкерлерінің бір-екеуін ұшырып алып кетіпті.
-Балалар ашулы жел «Ш» дыбысын жақсы көреді.
-Кәне, қарайықшы нелер жоқ екен.
-Балалар қалай ойлайсыңдар неге тышқан мен түлкішекті ұшырып алып кетті екен?
-Енді балалар тышқан мен түлкішектің үйлеріне оралуына көмектесемізбе?
-Ескертіп қояйын біздің алдымыздан жел түрлі кедергілер жасауы мүмкін.
-Жел сыртымыздан бақылап жүр. Оның жақсы көретін «Ш» дыбысына дыбыстық жаттығуды айтып берейік
Және өзімізде бір сергіп алайық.
Сергіту сәті.
-Балалар біздің алдымызда бір кедергі тұр .
1- кедергі : Шыршаның қимылын қайтала (Дене бұлшық еттеріне арналған гимнастика)
2-кедергі: сөздерге шы-ші жалғауларын қосып сөз құрау және сол сөзге сөйлем құрау.
Сөздер; би, сурет,сату,жүргізу тб
3-кедергі:Ш дыбысы бар сөздерді ұстап ал, сөздің қай жерінде тұрғанын айт.
Сөздер: шаңғы ,кірпі,қоян, қолшатыр,сағат,айна,күріш, шәйнек.
-Балалар қараңдаршы біз нелерді көріп тұрмыз?
-Жарайсыңдар балалар сендер еш кедергіден қорықпай тышқан мен түлкішекке көмектестіңдер.
-Енді оларды жел ұшырмас үшін не істеуге болады?
Ұсақ қол моторикасына арналған ұжымдық жұмыс (қыстырғыштардан қоршау жасау)
-Балалар білетін ертегілерін айтады; «Бауырсақ» , «Қызыл телпек», «Үйшік»
-Үйшік деген сөзде 2-ші буын Ш дыбысынан басталып тұр.
Жатығуды қайталайды.
Айдина:
«Құлыншақ»
Мен көңілді құлыншақпын,
Қара торы ұрыншақпын.
Тілді қатты соқсаң сен,
Тұяқ қаңыс сыңғырлап,
Шапқан атты естисің.
-Балалар ертегіні саусақ арқылы сахналайды
-Желдің дыбысы
-Балалар қолдарын төбеге көтеріп ш-ш-ш
-Балалар суретке қарап тышқан, мен түлкішек жоқ екенін анықтайды.
-Себебі тышқан мен түлкішек сөзінде «Ш» дыбысы бар.
-Түлкішек пен тышқанға көмек беруге дайынбыз.
-Балалар іс-қимылмен қайталайды.
Ша-ша-ша-балалық шақ тамаша
Шу-шу-шу –әжем шашты шашу.
Шы-шы-шы-қойды бақты –қойшы.
Аш-аш-аш-қарағай шырша ағаш.
Ше-ше-ше –апай біздің ерекше.
Іш-іш-іш-өсті бітік күріш.
Шыршаның қимылын қайталайды
Биші,суретші,сатушы,жүргізуші сөздерін құрайды.
-Балалар тапсырманы мұқият тыңдап орындайды.
-Түлкішек пен тышқанды тауып алдық.
Үйшікті айналдырып қоршау істейік.
Рефлексивті
-түзетушілік
Балалар біз бүгінгі сабақта қай дыбысты қайталадық?
-Ш дыбысын дұрыс айтуға қай жаттығуларды орындадық?
-Біз нелерге көмектестік,қандай тапсырмаларды орындадық?
-Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар енді мына жерден өздеріңнің көңіл –күйлеріңді білдіретін смайликтерді таңдап алуларыңа болады.
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ш дыбысы бар сөздерді дұрыс айтуды
Нені игерді:Қоршаған ортаға қамқорлық жасауды,мұқият тыңдап тапсырмаларды дұрыс орындауды.
Нені білді:сөз ішінде ,сөйлем ішінде ш дыбысын дұрыс айтуды, сөз , сөйлем құрауды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.35 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |