Здесь была ссылка на работу «Қызықты математикалық ойындар» автора Абибуллаева Асия Аблайхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интер/к ,, тақта ,ертегі есеп, өлең есеп,слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: -Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!. Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма- ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ,Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады: