Өз құқығыңды білесің бе?

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Айыртау орта мектебі Тәрбие сағаты :Өз құқығыңды білесің бе? Өткізген: Қыдыралиева С.Х. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін арттыру. Құқықтық білімін арттыру. Құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің  «Ата заңына» бағына отырып, оны қорғап, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдісі:Сұрақ -жауап,ойын түрінде. Көрнекіліктер: Буклеттер.  Балалар құқығы туралы конвенция. Барысы: Әнұран. Мұғалім : Біз бүгігі тәрбиелік шарамызды әнұранмен бастадық. Осы әнұран арқылы елімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіреміз.  Осы байтақ елімізде халықтың құқығын қорғайтын заңымыз бар. Сондықтан бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы да  «Өз құқығыңды білесің бе?» деген атпен аталады. Олай болса сендерді жақынырақ таныстыру үшін  «Менің атым кім және ол нені білдіреді?» деген ойынмен бастағалы отырмыз. Ортаға әрбір бала шығып өзінің есімімен таныстырып өтеді. Мұғалім: Жақсы, балалар сендер өздеріңнің есімдеріңді, оның нені білдіретінін айтыңдар. Енді, балалар, осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады. Жауап: Бала туғанан кейін есім алуға құқылы. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендер сабаққа  14.00-де келесіңдер. Одан кейін не істейсіңдер? Осыны ойын арқылы жүзеге асырып көрейік. Менің қолымда доп бар. Допты әрқайсысына лақтырғанда сендер бос уақыттарыңда не істейтіндеріңді маған айтасыңдар. Сонымен ойынымыз басталды. (Балалар жауабы.) Мұғалім: Жарайсыңдар. Енді осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады. Жауап: Дем алу құқығы туралы. Мұғалім: Осы құқықтардың барлығы біріктіріліп, жинақтап жазылған.  Біз оны заң деп атаймыз. Конституция 98 бап 9 тараудан тұрады. Енді балалар, бізге ертегі  еліне қонаққа Тазша бала келу керек. Мінекей, өзі де келіп қалған сияқты.       Тазша: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Мен ханның жарлығымен өзімнің тапқырлығымен өтірік өлең, қырық өтірік әңгіме айттым. Сонымен халықты риза еттім.  Осы жерде қандай құқық туралы айтар едіңдер маған.      Мұғалім: Кәне, балалар, Тазшаға көмек көрсетейік. Осы жерден оның қандай құқы бар?      Жауап: Тазша өз пікірін еркін білуге құқылы.      Мұғалім: Келесі ойынымыз ,,Шуағынан айырылған күн,, деп аталады. Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы бар, сол шуаққа өздеріңіздің білетін құқықтарыңызды жазыңыздар. Сонда біздің күніміз әлемге жарқырап, шуағын шашып тұрады.     (Балалар күннің  шуағына білетін құқықтарын жазады.)      Мұғалім: Мінекей, балалар, ойшыл қазақ аталарымыз адам құқығымен бастағандығын қорғаған. Атап айтқанда олар үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.      Абай атамыз да адам бостандығы үшін күрескен ақын. Соңғы ойынымыз мақал-мәтелдерді ақтау. (Балаларға конверт таратылады.)      Осы мақалда айтылғандай біреуге қиянат жасамай, тек жақсылық жасап,  заңды құрметтеуіміз керек. Сөзімізді қортындылыуға  балаларға сөз береміз. (Балалар тақпағы.)       Осымен тәрбие сабағымыз  аяқталды.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.85 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 159

Похожие материалы