Заманауи талапқа сай мектеп мәдениеті

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы

Мектеп мәдениеті

Мақсаты

Мектеп мәдениетінің маңыздылығын түсіну

Күтілетін нәтиже

Коучингке қатысушылар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін және мұғалім-оқушы-ата-ана құзіреттілігін арттырудағы мектеп мәдениетінің маңызды екендігін түсінеді

Негізгі идея

Мектеп мәдениеті - мектеп өмірінің алғышарты

Дереккөздер

Бейнебаян «Тілек», «Мәдениет» тақырыбына презентация

Әдебиет:

Интернет желісі

Жаңа форматта білім беру үлгілері. Алматы,2013.Мухамеджанова Н.Б., Мухамадиева М. Н.

Материалдар мен жабдықтар

Интербелсенді тақта, ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикер,слайд

                                                                                        

                                                                Коучинг барысы

Кезеңдері

Уақыт

Оқытушы мен қатысушының әрекеттері

Сәлемдесу

2мин

Коуч қатысушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алады

Сергіту сәті

3-4мин

Алдағы жұмыстың нәтижелі болуы мен жағымды атмосфераны  қалыптастыру үшін коуч  қатысушылармен  «Екі шындық, бір өтірік»  тренингін  жүргізуді ұсынады

Топқа бөлу

3-5мин

Қатысушылар коуч ұсынған түстердің (қызыл, сары, көк, жасыл)ішінен өзіне жақын, ұнайтын түсті таңдап алады.Түстер бойынша топқа бөлініп отырып, әр топ өздерінің түсіне байланысты  ән орындауы шарт.Мысалы:көк түс – «Көк тудың желбірегені...»

«Мәдениет» тақырыбына презентация

5-6мин

Мәдениет туралы түсінік қалыптастыру үшін коуч қатысушыларды «Мәдениет» тақырыбындағы презентация арқылы «мәдениет» туралы теориямен таныстырып, оның мектеп тәжірибесіндегі маңыздылығы туралы әңгімелейді

«Мектеп мәдениеті» постерін құру

8-10мин

Коуч қатысушыларға мектеп мәдениеті туралы постер жасап, қорғауды, топтардың бір-бірінің жұмысын формативті бағалауды, мектеп және мәдениет ұғымдарының бір-бірімен байланысына көңіл бөлуді ұсынады

«SWOT талдау»

10-12мин

Педагогтар мектебінің күшті жақтары, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері туралы мектеп мәдениеті тұрғысынан қарастырып, талдау жасайды

 

Сергіту сәті

«Тілек»

2-3мин

Коучингке қатысушылардың  көңіл-күйін көтеру және жақсы тілек, жылы лебізбен қанаттандыру, сондай-ақ, біраз сергіп, бой жазулары  үшін назарларына «Тілек» бейнебаяны ұсынылады

«5:15» жаттығуы

5-7мин

Әлдебір проблеманы шешу барысында қатысушылардың сындарлы ойлау жүйесін қалыптастыру үшін коуч «5:15» жаттығуын орындауды ұсынады, яғни қатысушылар өз мектептерінің мәдениетін көтерудің 5минутта 15  идеясын жазып, қорғауы керек.Топ мүшелері берілген ұсыныстарды мұқият тыңдап, осы идеялардың ішінен ең тиімдісін анықтап, белгілеп қою керек. Соңында  ең тиімді 3 идеяны таңдап, тақтаға жазып қою керек.

 

Рефлексия

«Тілек ағашы»

5мин

Қатысушылар өткізілген коучингке байланысты  өздерінің тілектері мен ұсыныстарын жазып қалдырады.

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.71 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 204

Похожие материалы