Заттарды санау. Бір, екі, үш.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кургунбаева Зауре Тургуновна
|
Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау. Бір, екі, үш.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сандардың мән мағынасын ашу және нақты сандарды санауға үйрету.
Дамытушылық: Сандардың нәтижесінде бір, екі, үш ретімен санауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап. Ой шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар, сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу
ә) Оқу құралдарын дайындау
б) Назарларын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ: Заттардың қасиеттері. Заттарды санау.
- Мұғалімнің түсіндірмесі. Математиканың алғашқы сабағы болғандықтан, оқушыларға осы пән бойынша заттарды санауға жаттықтыру.
Оқулықпен жұмыс:
1 тапсырма: Неше бала көріп тұрсың?
Қанша оқу құралын көріп тұрсың?
Машина, құлын, ұшақ, зырылдауық нешеу?
Сергіту сәті: Бір, екі, үш
Қолға жинаймыз күш
Заттарды санауға
Бәріне дайынбыз.
Дәптермен жұмыс: Сызықшаларды басып жазу. Оқушыларға үлгі дәптерге қалай басып жазуды үйрету.
Оқулықпен жұмыс:
2 тапсырма: Үстелден қандай заттар алынды.? – калькулятор, өшіргіш алынды. Үстелдің үстінде қанша зат қалды? Бірінші сөреде 5 ойыншық жүк машинасы, ал, екінші сөреге 5 жеңіл машина қойылды. Бірінші, екінші сөреге қанша ойыншық қойылды?
Дәптермен жұмыс: Әр түрлі геометриялық пішіндерді бояу. 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл бояу.
Оқулықпен жұмыс:
3 тапсырма: Портфельдегі заттарды санап шық. Олар нешеу?
Қортынды: Боялған және боялмаған төркөздерді санау.
Бағалау. Әдемі, таза жазып бояған оқушыларды мадақтау
Үйге: Жазуды аяқтау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 7 |