Іздеген -табар, оқыған- озар.Сыныптан тыс жұмыс

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Іздеген – табар, оқыған – озар

•       «Іздеген – табар, оқыған – озар» атты 7 - 8 сыныптарға арналған физикадан сыныптан тыс жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойын, белсенділігін, икемділігін арттыру,топтық ынтымақтастықта  жұмыс жасап үйрену.

Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар, Біреуінің күмбірлеген күйі бар, Енді біреуінің қатты істейтін миы бар – Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы екі топ, әр топ алты ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар

 

Мәңгі – бақи есте қалар

 Қызықты бір жиын болсын.

 Білімдірек шәкір озар,

 Сұрақтары қиын болсын.

 

Сайыс барысы:   Танысу .Шығармашылық жұмыс
1. Сұрақтар сайысы
2. Жорға бөлімі
3. Сәйкестендіру тапсырмалары
4. Топ басшылар сайысы
5. Эсперименттік сайыс
6. «Бақытты сәт»
7. Кроссворд шешу
8. Қорытындылау

І. Сұрақтарға жауап беру: 1ұпай
1. Сұйықтар мен газдардың бірқатар маңызды қасиетін ашқан ғалым?        Паскаль
2. Материяның ажырамас қасиеті.?                                                қозғалтқыштығы
3. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым?                              

             Николай Коперник
4. Ашық күндері ақ қарға қарағанда лас қар неге тез ериді?                Лас қар жақсы сіңіреді
5. Су астындағы тасты көтеру неге жеңіл?                                 Кері итеруші күші бар Архимед күші

•      6.5г/см³  -ты   кг/м³ айналдыр                                                  5000кг/м3

•      7.Ғылыми техникалық революция ғасыры      

          ХХ ғасыр

8.Көлемін мақтайды,пішінін оңай өзгертеді                    

            сұйық

9.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық ) 10. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды) 11. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг) 12. Ең кішкентай заряд? (электрон) 13. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв) 14. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын) 15. Күш импульсі дегеніміз не? ( I=Ft, берілген бірдей уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама ). 16. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция) 17. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару) 18.Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама (энергия)

ІІ. Жорға бөлімі. Кім жылдам? 2ұпай
Әр топ 2 мин ішінде қанша формула жазады.
ІІІ. Сәйкестендіру тапсырмалары: 1ұпай
Бұл денелердің жылдамдықтарын ретпен орналастыр.
Ұшақ, жаяу адам, жеңіл машина, Электр пойыз, күшік     ( 1.350 ;  2. 5 ;  3.90;  4. 200 5.;5. 20)

10 км/сағ, 350 км/сағ, 90 км/сағ, 200 км/сағ, 5 км/сағ.

Әр құралдың атын және ол қандай физикалық шаманы өлшейтінін ретпен жазыңдар.
Манометр, динамаметр, таразы, термометр,.
Температураны, күшті, қысымды, массаны.

Шамалардың өлшем бірліктерін Халықаралық бірліктер жүйкесінде жазыңдар.
км/сағ, см, см3, см 2, тәулік.      (    0,27 м/с  , 0,01м, 0,000001м3, 0,0001м2, 172800с       )

ІҮ. Топ басшылар сайысы: 1 ұпай
1. Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады?                      Деформация
2. Космонавтиканың негізін қалаған кім?                      Циолковский
3. Меркурийдің қазақша аты?                                        Болпан,кіші Шолпан
4. Космодром қай жерде, аты қандай?                            Байқоңырда
5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ұшқыш?                          1961ж12сәуір Гагарин
6. Судың үш күйін ата?                                                  Су, бу, мұз
7. Есекқырған деп қай планета аталады?                   Юпитер
8. Қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейі қандай?        бірдей

Ү. Эксперименттік сайыс: 5 ұпай
8 сынып – Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау
7 сынып - Дененің массасын таразыға тартып өлшеу.
ҮІ. «Бақытты сәт» 5ұпай
1. Ұзындығы 135 см сымды бір бөлігі екінші бөлігінен 2 есе үлкен етіп 2 бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын табыңдар.        45 және 90 см               
2. Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Осы сандарды анықтаңдар.                                  5пен 3
3. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?                                                            7күшік
ҮІІІ. Кроссворд шешу. «физика » 1ұпай) 7сынып

«Механика»  8сынып     топтар  өз беттерінше  құрастырады. 2-ші топ шешеді.

ІХ. Қорытынды.
Ұпай сандары саналып жеңімпаз топ анықталады.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42.5 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 121

Похожие материалы