Өзін - өзі тану пәнінен "Өнерлі бала-сүйкімді"

Предмет: Логопедия
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзін өзі тану сабағы

Бестамақ орта мектебі.     06.02.2015 жыл №21 

Тақырыбы: Өнерлі бала-сүйкімді.

Құндылығы: Сүйспеншілік

Қасиеттері: Өнерпаздық, қызығушылық, құрмет.

Мақсаты: «Сүйспеншілік» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін  ашу.

Міндеттері:

Өнерпаздықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Өнерге қызығушылықтарын артытыру;

Өнерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру:5Т

Тыныштық сәті:

Балалар мен сендерді бүгін туған жеріміздің әдемі де әсем, теңдесі жоқ керемет жерлеріне ұшақпен саяхат жасауға шақырамын. Ол үшін сендерді көздеріңізді жұмып, ұшақтағы орындарыңа жайғасуларыңды сұраймын.

Біз ауа кемесімен аспанға көтерілдік. Аспанан ұшақ ішінен қарағанда біздің туған өлкеміздің шексіз-шексіз кең байтақ әсерін көріп отырмыз.Қараңдаршы биік таулар қандай керемет. Өзен-көлдерде балықтар тулап жүр. Ормандарында құстар сайрап, аңдар асыр салып жүр. Кең далада самал жел еседі.Біздің отанымыздың әсем қалалары мен ауылдарында қайрымды, еңбекқор адамдар тұрып жатыр. Олар көпұлтты Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқандары үшін өте қуанышты. Өйткені біздің еліміздің достық, адамгершілік, тыныштық, бейбітшілік қанатын жайған.  Біздің жүрегіміз Отанымызға деген мақтаныш сезіміне толы. Тыңдаңдаршы, жүрегіміз қуана соғуда. Біздің ұшағымыз туған өлкеміздің таулары мен өзен-көлдердің, ауылымен, қалаларының үстімен ұшып өтті.Қандай керемет жер. Қандай керемет өлке. Біз осындай жерде туылғанымызды мақтан етеміз. Ұшағымыз жерге қонуға бет алды. Біз өзіміздің сүйікті бақшамызға оралдық. Бір екі үш көзімізді ашамыз, денемізді тік ұстап, терең тыныстап, бір-бірімізге күлімсіреп қараймыз. Бәрекелді жарайсыңдар. Ал енді балалар, сендер ұшақпен ұшқанда өздеріңді қалай сезіндіңдер? Сендерге саяхат ұнадыма?

Үй жұмысын тексеру:

21-сабақ. Д.Әлімжановтың «Өнір таны, өнер қу» өлеңі.

1.      Өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

2.      Адам өнерді не үшін үйренеді?

3.      Адамның өнерпаздығы қандай  қабілет?

4.      Өнерге қызығушылықты қалай дамытуға болады?

5.      Өнер адамдарын қалай құрметтейміз?

Сергіту сәті:(Өнер)

Дәйек сөз:

«Өнерлі өрге жүзер»

Мақал

(екі рет ұлдар, екі рет қыздар, барлығы бірге)

Дәптерге жазыңдар

Сылайдта Бестамақ орта мектебінің өнерлі балдарының суреттерін көрсету.

Әңгімелесу:

«Өнерліге өлім жоқ» ертегісі.

1.      Хан қалай өнер үйренеді?

2.      Ханды кім алып кетеді?

3.      Ханның өнерпаздығының көмегі оған қай жерде тиеді?

4.      Ханның өнерге қызығушылығын кім оятады?

5.      Уәзірдің ханға деген құрметі туралы не айтасыңдар?

Шығармашылық жұмыс:

Дәптермен жұмыс.Тапсырма орындау барысында өнерлі бала туралы ойларын жинақтау.

Топпен ән:

«Айгөлек» Сөзі: Н.Баймухамедов Әні: Б.Байқадамов.

Үй жұмысы:

22-сабақ. А.Есеновтың «Бес нәрсеге асық бол» өлеңі.

Қортынды:

Балалар, кез келген өнер түрі соның ішінде ән-күй өнері адамға рухани күш, әртүрлі сезімдер сыйлайды.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 8.72 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 145

Похожие материалы